12 Декабрь
02:48
Астана: -15 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Мәдениет
29 маусым 15:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Белгілі әнші әйелдерге ажырасудан қорықпау туралы кеңес берді
 29 маусымТанымал әнші Меруерт Түсіпбаева өзіне күйеуімен ажырасудың оңай соқпағанын айтып, келіншектерді ажырасудан қорықпауға шақырды. Бұл туралы Ана бол сайты хабарлады.



«Біз мұсылманбыз, әйел еркектің қабырғасынан жаратылған, сондықтан , ешқаншан ажыраспау керек, төзімді болу керек. Мейлінше отбасын сақтап қалуға тырысу керек, төзімді болу керек. Расында, менің де ажырасқым келмеді, ажыраспаймын деп өз-өзіме серт бердім. Алайда, қанша тырысып бақсам да болмады. Екеуміз екі түрлі ортада тәрбиелегендіктен, біріміз оңтүстүктің, біріміз солтүстіктің қазағы болғандықтан ба, бізге басқа амал қалмады. Жеті жыл өмір сүргеннен кейін үлкен қуанышпен дүниеге келген баламыз екеуміздің арамызда түсініспеушіліктер болып жатқан кезде не әкесіне, не шешесіне болысарын білмей қиналатын. Ондай атмосферада өмір сүрген бала бақытсыз болады. Сондықтан, құрбыларыма, әпкелеріме айтарым, басқа амал болмаса, ажырасудан қорықпау керек», – деді Түсіпбаева.

Расында, менің де ажырасқым келмеді, ажыраспаймын деп өз-өзіме серт бердім. Алайда, қанша тырысып бақсам да болмады

Ол елімізде ажырасқан жастардың көбейіп кеткенін ертедегі аңызбен байланыстырды.

«Бір аңыз есіме түсіп отын. Адамдар дүниеге жұмыртқадай дөңгелек болып келеді де, оларды екіге бөліп, ажыратып жібереді екен. Сосын адам өзінің жартысын өмір бойы іздеумен өтеді. Осы аңызға сүйене келе, бәлкім, адамдар өздерінің сол жартыларын таппағаннан кейін, нақ сол адамммен қосылмағанннан кейін де ажырасулар көбейіп бара жатқан шығар деп ойлаймын», – дейді әнші.

Ол  үйлене сала, төзімділік танытпай ажырасуға бел буатындармен келіспейтінін айтты.

«Егер де бес жылдай бірге тұрған жұптың әңгімесі жараспай жатса, ажырасуға болады. Қазақ болғандықтан, әрине, ажырасудан кейін қаңқу сөз көп болады. Бұл жайт депрессияға әкелуі сөзсіз. Дегенмен, ажырасудан кейін өмір бар екеніне өздеріңізді сендіріңіздер. Ажырастым екен деп мұңға батып, жатып алудың қажеті жоқ. Намысқа тырысу керек. Ерінбеңіздер, алға қарай ұмтылыңыздар”, – дейді Меруерт Түсіпбаева.

Дереккөзі: nur.kz

 
нравится:    843
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии