20 Сентябрь
11:51
Астана: 16 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Мәдениет
14 қаңтар 17:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Белгілі айтыскер ақын көпшілікті мейірімді болуға шақырды
Әлеуметтік желіні бесенді қолданатын белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы көпшілікті мейірімді болуға шақырды.



«Мейiрiмдi болайықшы... Кез келген жерден жамандық iздеудi қояйықшы... Әсiресе, қыз-келiншектер... Қазiргi уақытта әлеуметтiк желiде көп байқайтыным ер-азаматтар емес әйел заты қатыгез боп кеткен ба деп қаламын... Бүкiл фотоның астында жын ұрып қырлысып жатқан қыздар... 11 бала асырап алған Жанарды сала қойып ем, соның өзiнен пәле iздеп кеттiк... Ақша үшiн асырап алып жүр деп танымайтын адамның артынан ғайбат айту арсыздық емес пе...?! Сiз неге асырап алмайсыз деп маған секiрiп отырған жап-жас қыздар бар... Мен мүмкiн асырап алатын шығармын, мүмкiн асырап ала алмай жүрген себебiм бар шығар.... Құдайым ау, бiреудiң өмiрi сiздерге неге соншалықты қызық...? Бiреуден кемшiлiк көрсек неге бас саламыз??? Неге сондай жамандықты iздеп отырамыз??? Неге? Күйеулерiңiз дұрыс көңiл бөлмей ме? Жүрегiңiз жалғызсырап жүр ме? Естерiңiзде болсын, бақытты адам ашуланбайды... Не болса соған ашуланып, ұрыс шығарғыңыз келiп отырса яғни сiздiң жүрегiңiз тыныш емес... Бiрақ..! Бiрақ, ұмытпаңыз, сiз ашуланғаннан, жаман коммент жазғаннан, бiреуге тиiскеннен басқалардың дымы да кетпейдi... Жаман энергия бойыңызда тұрса жамандық келе бередi... Өз-өзiңiздi қолға алыңыз... Ең жек көретiн адамның өзiнен жақсы қасиет тауып үйренiңiз... Күлiңiз, жымиыңыз, мейiрiмдi болыңыз... Бүгiн сiз бiреуге жылы сөз жазып, мейiрiм көрсетсеңiз әлбетте сiзге басқа жақтан болса да ол мейiрiм қайтады... Адамның тағдыры Алланың қолында... Алланың iсiне араласып күнахар болмайық... Қане, жымиыңызшы... Өмiрде жымиып жүретiн әйелден әдемi адам жоқ... Көзiңiз күлiп тұрса, жүрегiңiз жiбiп тұрады... Жүрегi жылы адамдарды ешкiм ренжiтпейдi... Оларға жақсы адамдар құмар... Мейiрiмдi адамды бәрi жақсы көредi... Мейрiiмдi болайық... Бұл қиын емес қой... Әрi тегiн...», деп жазады.

Дерекөзі: reactor.inform.kz
нравится:    971
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии