21 Август
16:07
Астана: 26 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
13 тамыз 17:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Белгілі айтыскерлер павлодарлық сәбидің тұсауын кесіп, бата берді
Бүгін Павлодар өңірінде өтіп жатқан «Ұлы дала елі» фестиваліне келген елімізге белгілі айтыскер ақындар Балғынбек Имашев пен Айнұр Тұрсынбаева кішкентай балғынның тұсауын кесіп, бата берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Кішкентай Абай есімді сәби тамыз айының 14-і күні бір жасқа толады. Нағашы атасы Сапарғали мен әжесі Қорлан Кукумбаевтар бүгінгі шараға Ақсу қаласына қарасты Жолқұдық ауылдық округінен арнайы шашу ала келген.
- Балғынбек Имашев жиенімізге батасын берсе, Айнұр Тұрсынбаева тұсауын кесті.  Көпшілік алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы мен жыр жарысында топ жарып жүрген осындай ақындардың ізімен жүретін үлкен азамат болсын деген ниетпен келіп отырған жайымыз бар. Ертең Төреғали Төреәліге аузына түкірткіміз келеді. Бұл қазақтың ежелден келе жатқан ырымы. Өзім жеті бала тәрбиелеген "Алтын алқа" иегерімін. Абайдың анасы Мақпал кенже қызым. Абай кішкентай болса да, домбыраның дыбысын естісе, селт етеді,  - дейді Қорлан Кукумбаева.



Нәрестенің нағашы атасы Сапарғали Кукумбаев 1989 жылы Аманжол Әлтаев сынды айтыскермен бір сахна төрінде айтысқанын айтады. Қазіргі таңда мәдениет үйінде жұмыс істейді.
- Жыл сайын өткізіліп тұратын фестиваль халыққа жергілікті деңгейде насихатталса, мұндай шараның берері мол. Ұлттық дәстүрге көңіл бөліп, алыс және жақын шетелден қонақтарды шақырғаны көңілге қуаныш ұялатады. Екі күнде өтетін шараға тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Қазақстанның қай аймағы болса да киелі. Дегенмен Ертіс өңірі ақындық пен шешендіктің, батырлықтың, ғылымның мекені. Ұлы дала елі деп айтуға лайық. Қазақстанның рухани жаңғыруына үлес қосып отырған Павлодар өңірінің абыройы асқақтап, рухани ордаға айналсын, – дейді Балғынбек Имашев.

Ақбота Сейсенбаева
Суретті түсірген – автор

http://pavlodarnews.kz/index.php?id=1050
 
нравится:    79
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии