19 Август
15:18
Астана: 20 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
13 шілде 09:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Белгілі әзілкештердің қазақ тілі туралы әзілі елдің намысына тиді
Youtube желісінде белгілі КТК (КВН) жұлдызы, ресейлік "Камызяки" КВН командасының капитаны Азамат Мұсағалиев пен әзілкеш Нұрлан Сабыровтың қазақ тілі туралы әзіл ролигі жарық көрді.

 
 
Видеода Нұрлан Азаматқа қазақ тілінде амандасып, қал-жағдайын сұрайды. Өз кезегінде Азамат шүлдірлеп, түсініксіз тілде жауап береді. Мұны көрген желі қолданушылары оларды  қазақ тілін мазақ қылғандары үшін сынап жатыр.


 
 «Өз тілдеріңді мазақ қылатындай не көрінді? Бұл нағыз надандық»-дейді ашуға мінген желі қолданушылары.

Желі қолданушыларының Азамат Мұсағалиевке деген бұл жолғы ашу-ызасын түсінуге болады. Себебі, былтырғы жылы Youtube желісінде Азамат өзінің ұлтына, отбасына, қазақ тілін білу-білмеуіне қатысты көптеп келіп түсіп жатқан сұрақтарға қысқа да нұсқа жауап беріп, осы мәселелерге қатысты соңғы нүктені өзі қойғанын бейнелейтін роликтер жарияланған болатын. Солардың бірінде ол өзінің ұлты - қазақ, руы - Адай, оның ішінде Тоқтамыс екенін, жүрек қалауымен көтерген шаңырағының отанасы - жан-жары да қазақ аруы, дәлірек айтқанда Найман руынан екенін өз аузымен айтқан болатын. Сонымен қатар, ол өзінің ана тілін түсініп қана қоймай, қазақша сөйлей алатынын да көрсеткен еді. Оның үстіне Азамат жақында ғана қазақ тілінде ән шырқап, көпшілікті тағы да бір қуантып тастағанын болатын.

Шет жерде жүрсе де, қаны мен жаны қазақ деп соққан азаматтардың бірі ретінде кеңінен танымал болған әзілкеш қандасымыздың бұл жетістіктері барша қазақ қауымын қуандырып, бір желпінтіп тастаған еді.

Осының бәрін көріп-біліп отырған Желі қолданушылары бұл жолы Азаматтың ана тіліне қатысты әзілінің сәтсіз шыққанын сынға алып, ұлттық намысқа ауыр тигені туралы пікірлерді жарыса жазуда.

Кейбіреулер бұл жай ғана ТНТ телеарнасының "Почувствуй нашу любовь" атты жарнамасының бір үзігі ғана екенін, ал, бұл өнер жұлдыздарының тек экрандағы рөлді сценарийге сәйкес сомадаған сәті ғана екенін алға тартып, басқаларға әліптің артын бағуға кеңес беруде. Қалай десек те, Азаматтың қазақ тілін білетінін төмендегі роликтерден көруге болады. Сондықтан, жоғарыдағы роликке қатысты үзілді-кесілді шешім шығаруға асықпайық, ағайын!!!




 


Дереккөз: Reactor
 
 
нравится:    711
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии