17 Декабрь
21:32
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Спорт
30 сәуір 14:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Белгілі қазақстандық боксшы әке атанды
EBU тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы, қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов қызды болды. Бұл туралы Bnews.kz-ке Солтүстік Қазақстан облыстық Дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова хабарлады.


“Атақты боксшының шаңырағында қыз бала – Нұрай дүниеге келді. Жанат Жақияновтың сәбиі мен жары Алтынайдың жағдайы жақсы, үйге шығуға дайындалып жатыр. Алайда 31 жастағы әке қызын тек мамыр айының ортасына қарай көре алады”, – дейді Пенькова.

Оның айтуынша, қазір қазақстандық боксшы Англияда кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Жанат Жақиянов 9 мамырда Болгарияда 27 жастағы аргентиналық Хэктор Роландо Гузманға қарсы 12 раундтық кездесу өткізеді.

Дереккөз: lite.bnews.kz

 
нравится:    896
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии