19 Декабрь
04:04
Астана: -20 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
27 қараша 15:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Белгілі опера әншісі Нұржамал Үсенбаева жаңа бейнебаян түсірді


Белгілі опера әншісі Нұржамал Үсенбаева жаңа бейнебаян түсірді. Әдетте классикалық әншілер бейнеклип түсіре бермейді.
Дегенмен, бұл Нұржамал ханымның екінші туындысы. Бірақ, сіз ойлағандай опера жанрындағы әнге емес, эстрадалық бағыттағы шығармаға түсірілді. Оны әншінің жары Төлеген Мұхамеджанов Үсенбаеваға арнап шығарған көрінеді.


"Бұл әнді маған өте қымбатты, өте жақын деуге болады. Өйткені, бұл ән маған арналған", - бөлісті Нұржамал Үсенбаева.

Аталмыш әннің сөзін Ұлықбек Есдәулет жазған. Ал, бейнебаянның режиссері Дастан Алдабек есімді жас жігіт. Бірақ, сіз ойлағандай опера әншісінің эстрадалық бағытта орындап жатқан алғашқы туындысы емес көрінеді.

"Эстрадалық әндерді, жалпы жай әндерді, поп дейміз ғой... Мен өте жақсы көремін. Эстрадалық концерттерге қатысамын, үлкен қуанышпен. Репертуарымда бар эстрадалық әндер", - дейді Нұржамал Үсенбаева.

Ән негізінен нәзік сезімнен туындаған секілді. Себебі, әнші оның мағынасын ашуға тырысқан кезде ерекше ықыласымен жеткізуге тырысты.

Нұржамал Үсенбаева: "Бұл әннің ішінде, ән арқылы Төлеген өз көңілін, өз махаббатын, өз сезімін білдіргісі келді".

Әннің мағынасына қарай бейнебаянда да ұлы сезім көрсетілген. Жүректен шыққан ән жүректерге жететіні сөзсіз. Ендеше, осынау махаббатқа толы бейнеклиптің тұсауы жуырда біздің арнада кесіледі. Сондықтан, жіберіп алмаңыз. Гәкку арнасы үнемі қосулы болсын.

Дереккөзі: http://gakku.kz/
нравится:    1010
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии