|    |  
20 қазан 2019
16:16
қаз
Белгілі режиссер iPhone көмегімен қысқа метражды фильм түсірді
21 қыркүйек 2017, 10:18 35



«300 спарталықтар» және «Сақташылар» фильмдерінің режиссері Зак Снайдер iPhone-ға түсірілген төрт минуттық «Қар, Бу, Темір» («Снег, Пар, Железо», (Snow Steam Iron)) атты қысқа метражды фильм түсірді. Фильмді алдымен тәуелсіз авторларға арналған әлеуметтік желі болып табылатын Vero (Android және iPhone-да қолжетімді) қосымшасы арқылы ғана көріп тамашалауға болатын. Алайда, кейін режиссердің жанкүйерлері фильмді YouTube желісіндежариялады, деп хабарлайды TJ.

Vero дсайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Снайдер бұл жобаны қызы мен ұлының көмегімен ешқандай қиындықсыз бірнеше күн ішінде түсірген. Режиссердің өзі: «Отбасы мүшелері әңгімелесудің орнына фильм түсіруге көп көңіл бөлді», деп, бұл ерекше тәжірибе болғанын мойындап отыр.

Снайдер фильмді толығымен iPhone көмегімен түсірген. Алайда ол құрылғының моделі мен қосымша жабдықтардың көлемін ашып айтпай отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы мамырда фильмнің қоюшысы қызының өзіне қол жұмсағаннан кейін «Әділеттілік лигасы» режиссері қызметінен кеткен болатын. Оның орнын «Кек алушылар» («Мстители») фильмінің екі бөліміне түскен Джосс Уидон алмастырды.




Дереккөзі: http://www.segodnya.ua


Жаңалықтар