19 Сентябрь
21:23
Астана: 14 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 340.02
EUR/KZT: 406.26
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.79
Мәдениет
17 мамыр 09:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Белгілі түрік актері Кенан Имирзалыоғлы үйленді

Кенан Имирзалыоғлы мен Синем Кобал сенбі күні үйленді. Бұл туралы Hurriyet.com хабарлайды. Үйлену тойына Түркияның бірқатар белгілі актерлері мен әншілері келді. 300 адам шақырылған үйлену салтанаты жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында басталды. Неке қиғаннан кейін жас жұбайлар қонақүй сыртына шығып, тілшілерге сұхбат берді. Естеріңізге сала кетейік, Кенан сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты қаңтар айында жасаған болатын. 



Айта кетейік, Түркияның қос актері қазақстандық көрермендерге жақсы таныс. Кенан Имирзалыоғлы «Асау жүрек» телехикаясы және «Аждаһа тұзағы» фильміндегі Юсуф Мироғлы рөлі арқылы танылса, Синем Кобал «Сырлы Ыстамбұл» телехикаясындағы Су Мабенджи рөлімен танылды. Айта кетейік, Кенан Имирзалыоғлы актер ғана емес, сонымен қатар модель болса, Синем де сәнбике әрі көптеген фильм мен телехикаялардың сценарийшісі.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    2894
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии