Әлем жаңалықтары
12 қаңтар 12:06
Белгісіз тұлға пойыздың астына итеріп жіберген әйел тірі қалды


Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы метрода белгісіз тұлға перонда тұрған әйелді жақын келіп қалған пойыздың астына итеріп жіберген сәті бейнеленген видео Желі қолданушыларының жағасын ұстатты, деп хабарлайды 120.su.

Әйел жайбарақат пойыздың келуін күтіп тұрған. Кенеттен белгісіз тұлға оның сырт жағынан жақын келіп, пойыздың рельсіне қарай итеріп жіберген. Қатыгез жан тіпті өзінің жасаған әрекетінің нәтижесін қарай үшін адамдар арасынан бөлініп шығып, видеокамераға түсіп қалған. Осыдан кейін ол оқиға орнынан бой тасаламақ болған, алайда оқиға куәгерлері оны ұстап, полицияға тапсырған.

Жәбірленуші әйел рельстердің ортасындағы шұғырға дәл түскен, сол себепті байланыс рельсіне денесі тимеген. Станция қызметкерлері электр желісін уақытша сөндіріп, әйелді пойыздың астынан шығарып алған. Нәтижесінде әйелдің қолы сынғаны анықталды. Ол болған жайттан қатты қорқып қалған және өзінің тірі қалғанына сенер емес. Ол осы күнді өзінің өзінің өмірге қайта келген күні деп санайды.

Ал, бұзақыны тергеген полиция қызметкерлері мен медициналық тексеруден өткізген дәрігерлер оның ақыл-есінің кемістігін анықтады. Ер кісі әйелді мүлдем танымайтын болып шықты.
 

 

 

Комментарии




Яндекс.Метрика