13 Декабрь
05:36
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Мәдениет
1 шілде 12:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бен Аффлек жұбайымен ажырасып жатыр
Голливудтың танымал жұлдызы Бен Аффлек жары Дженнифер Гарнермен ажырасады, - деп хабарлайды TMZ. Бұл туралы актердің арнайы өкілі айтты. Порталдың хабарлауынша, олар мүлікті өзара бөліскеннен кейін ажырасады. 42 жастағы Аффлек пен 43 жастағы Гарнер достық қарым-қатынасты сақтап, ары қарай да араласып тұратын болады. Олар үш баласын бірге тәрбиелеп, оларға бірдей уақыт бөледі.

Айта кетейік, олардың ажырасатыны туралы мәлімет ақпарат құралдарына 2015 жылдың мамырында пайда болған еді. Ал сәуірде Гарнер туған күнін Канадада күйеуінің қатысуынсыз атап өтті.



Бен Аффлек пен Дженнифер Гарнер 2005 жылы үйленді. Актерлер 2001 жылы "Перл Харбор" фильмінің түсірілім жұмыстары кезінде танысқан. Олардың үш баласы бар: 9 жастағы Вайолет есімді қызы, алты жасар Серафина мен үш жасар Самюэль.



2002 жылы Бен Аффлек әнші Дженнифер Лопеспен неке қиды. Олар 2004 жылы атастырылды. Лопес Аффлектің өміріндегі ең үлкен махаббаты болғанын әлі күнге дейін айтады.

Дереккөзі: tengrinews.kz
нравится:    728
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии