|    |  
15 қараша 2018
19:39
қаз
«Бенфика ойыншылары өздерімен бірге 5 қап суыққа қарсы дәрі-дәрмек әкелген
24 қараша, 16:26 806
Record-тың мәлімдеуінше, Қазақстанға жол тартқан «Бенфика» командасы барынша суыққа төзімді болу үшін барынша дайындалған, деп хабарлайды Sports.kz.




«УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық раунд матчы Астанада ертең сағат 21:00-де басталады (Португалия уақытымен 15:00). Осы уақытта қалада 2-ден 4 градусқа дейін аяз көтеріледі деген болжам бар. Соңғы күндері Астанада аяз 15 градустан жоғарыламаған. Дегенмен спортшылардың тоңып қалуы да әбден мүмкін», – деп жазады португалиялық БАҚ.

«Бенфика» футболшылары термо-шұлық, жылы бас киімдер мен қолғаптарын сайлап келген екен. Мұзға төзімді аяқ киімдерді де ойластырған.

Сондай-ақ, команда өзімен бірге Қазақстанға 5 қап суыққа қарсы дәрі-дәрмек, 20 қап жылы киім дайындады.

 
Жаңалықтар