Авто
27 мамыр 10:42
​Бензин бағасы қымбаттады
Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 108 теңгеге дейін көтерілді, – деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Қазақпарат агенттігі.



Бұйрық 2015 жылдың 19 мамырында шығарылған “Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 маусымдағы Заңы 7-бабының 15) тармақшасына және 9-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне ҚҚС есебімен шекті бағалар мынадай мөлшерде белгіленсін:
дизель отыны – 1 литр үшін 99 теңге;
АИ-80 – 1 литр үшін 89 теңге;
АИ-92/93 – 1 литр үшін 108 теңге”, – делінген бұйрықта.

Комментарии




Яндекс.Метрика