24 Ноябрь
13:33
Астана: 0 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 330.00
EUR/KZT: 390.72
RUB/KZT: 5.65
CNY/KZT: 50.13
Авто
11 қыркүйек 11:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бензиннің шығынын қысқартатын 8 жүргізушілік айла
Көлікті жүйелі түрде айдау арқылы біраз жанармай құртасыз. Сонымен қатар, көлік қаншалықты көп қолданылса, техникалық байқаудан  да жиі өту керек болады.

AdMe.ru жанармай арқылы ғана емес, көлікті техникалық байқаудан өткізуде де ақша үнемдеуе болатын 8 амалды жинақтады.

8. Газ педалін бірден баспаңыз



Жолда көлікті жылдам айдап кететіндерді жиі байқауға болады. Автомектепте бәріне жанармайды үнемдеу үшін жәймен жылдамдық алып, жәй тоқтау керектігін үйретеді. Бірден жылдамдық алғанда автокөлік қуатты көп пайдаланып, жанармай шығыны да көбейеді.

7. Трассада круиз-бақылауды пайдаланыңыз



Жылдамдықты азайтып немесе круиз-бақылау арқылы сіздің көлігіңіз ашық алаңдарда жылдам айдағанға қарағанда жанармайды аз мөлшерде пайдаланады. Қарсы бағыттағы ауаға төтеп беру үшін көлік айналым санын қысқартады, осыған орай жанармай шығыны да азаяды.

6.Техникалық бақылауға уақытылы келіп тұрыңыз



Қозғалтқыштағы май мен май фильтрін әр 7 мың км. жер жүргеннен соң ауыстырып тұру керек. Сонымен қатар майшам мен әуе фильтрін ауыстыруды ұмытпаңыз. Артық шығын жұмсамас үшін осының бәрін уақытылы жасап тұрған абзал. Сонымен бірге ол сізді көп шығындайтын қозғалтқыштың жұмысын нашарлатуы мүмкін.

5. Кондиционерді өшіріңіз



Мұны әркім өзі шешеді. Жанармайды үнемдеу үшін өзіңізді жайлылықтан тыя аласыз ба? Желдеткіш қосылған уақытта шығын 15%-ға көбейеді. Көліктегі басқа электроқұрылғылар ондай тойымсыз емес. Сонда да егер сіз желдеткішті өшіріп тастасаңыз әр 100 км жерге 2 л бензин үнемдейсіз.

4. Бағытыңызды нақтылап алыңыз



Жүретін жолыңызды жоспарлап алу әсіресе  жылдың суық мезгілдерінде жанармайды үнемдеуге көмектеседі. Қазір ғана қыздырылған қозғалтқыш алғашқы 8-10 км жерде жанармайды көбірек шығындайды. Барлық баратын жеріңізге бір жолда кіріп шығатындай жасаңыз. Себебі қозғалтқышты бірнеше рет қыздырса жанармай көп кетеді.
 
3. Жаңбырлы күні жүрмеуге тырысыңыз 



Қатты жауын күні көлік апаты жиі болатындықтан, жанармай да көп шығындалады. Егер құрғақ күні жылдамдықпен келе жатқан көлік қарама-қарсы бағыттағы ауаға көп қуат жұмсайын болса, жаңбырлы күндері дөңгелектің астындағы судың қарсылығы одан кем емес.
 
2. Шинадағы қысымды қадағалап отырыңыз



Біріншіден, желі дұрыс ұрылған шиналар тежегіш жұмысының кепілі. Екіншіден, ең болмаса 0,1 атм жел шығарса жанармай шығыны 2-3%-ға артады. Шинадағы қысым мөлшерін, әсіресе ауа температурасы төмендеген күндері ұсынылғанға сәйкес екендігін бақылап отыру қажет.
 
1. Көліктен қажетсіз дүниенің бәрін алып тастаңыз



Кейбір автокөлік жүргізушілерінің бәрін өзімен бірге алып жүретін әдеті болады, қажетін де, қажетсізін де. Оданда көліктің жүксалғышын артық заттардан тазартып, артық дөңгелек, домкрат, ілме кілт сынды тек қажет дүниелерді салып жүргеніңіз дұрыс. Көлігіңізде артық зат көп болса, қозғалыс кезінде ол көптеген жанармай шығындайды.

Дереккөз:  AdMe.ru
 
 
нравится:    125
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии