Спорт
1 тамыз 12:13
Берлинде Месут Озилді қолдау акциясы өтті
Германия астанасы Берлинде неміс футболшысы Месут Озилді қолдау акциясы болып өтті. "Мен Озилмін" акциясы "Axel Springer" орналасқан ғимарат алдында ұйымдастырылды.  



Митингке қатысушылар Түркия мен Германия туларын алып "Bild" неміс газетінде шыққан мақалаға өз көзқарастарын білдірді.  



Акцияға қатысушы Билгили Уртменнің пікірінше Германиядағы мұсылмандар және түріктер саяси жақтан қысым көріп келе жатыр екен.  

Еске сала кетейік, Месут 2018 жылы мамырдың 14-і күні тағы бір Германия құрамасының ойыншысы, ұлты түрік Илкай Гюндоганмен бірге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, суретке түскен болатын. 

Дау Гюндаган Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға өз жейдесіне "Менің құрметті президентіме" деп жазып сыйлыққа бергенен кейін басталды. Бұл әрекет неміс журналистері тарапынан қатты сынға ұшырап, Месут ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеген еді. 29 жастағы футболшы 2009 жылдан бері Германия ұлттық құрамасында ойнаған. Осы уақытқа дейін 92 ойында 23 гол соғып, 40 нәтижелі пас авторы атанған.

Дереккөз: https://massaget.kz/

Комментарии




Яндекс.Метрика