11 Декабрь
23:20
Астана: -12 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Туризм
5 мамыр 11:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Берлинде пәтерді шетелдіктерге жалға беруге тыйым салынды
Берлин билігі тұрғын үйге қатысты заңға өзгеріс енгізіп, шаһарда жалға берілетін пәтерлерге онлайн тапсырыс беруге тыйым салды. Мұндай қадам арқылы неміс астанасының атқамінерлері жалдамалы пәтерлердің сырттан келгендерге емес, жергілікті тұрғындарға қолжетімді болуын қамтамасыз етпек. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.



Бірақ жаңа ереже саяхатшылар мен пәтерін беріп, ақша тауып жүргендердің көңілінен шықпады. Бүгінде онлайн қызмет арқылы пәтер жалдау – саяхатшылар арасында кеңінен таралған үрдіс. Бірақ енді Берлинде пәтерін интернет сайттары арқылы жалға бергендер 100 мың еуро көлемінде айыппұл төлейді. Қала басшылығының талабы – осы. Ал кәсіпті заңды жолмен жүргізу үшін арнайы рұқсат қағазын алу міндет. Ол да кез келгеніне берілмейді. Себебі кәсібін заңды жүргізбек болған бірнеше пәтер иесінің өтініші еш себепсіз мақұлданбаған.

“Саяхаттап келген көпшілік үшін әсіресе отбасымен келгендерге қонақүйден көрі пәтер жалдаған әлдеқайда тиімді. Ол қалтаңа жеңіл, демалуыңа қолайлы болады. Мен істейтін компанияның нарыққа шыққанына 10 жалдан асты. Туристер бізді жақсы біледі. Біз ісімізді адал орындап, салықты уақытылы төлеп отырамыз. Бірақ енді келіп, бізді қылмыскер сияқты қудалап жүр”, – дейді Apartment Allianz компаниясының директоры Стефан ла Барр.

“Бұл – қате шешім. Жора-жолдастарымыз жиналып жеті адам болып, демалуға келгенбіз. Егер бәріміз қонақүйге орналасатын болсақ, қымбатқа түседі. Осындайда өзі арзан әрі кең келетін пәтерден тиімдісі жоқ біздер үшін”, – дейді Даниядан келген саяхатшы.

Жаңа заң қабылдау арқылы биліктегілер Берлин нарығындағы жылжымалы мүлік бағасын тұрақты ұстап, жалдамалы пәтер бағасының шарықтап кетпеуін қадағаламақ.

“Бүгінде Берлин қаласында 12 мың пәтер мен үй-жай жалға беріледі. Тұрғындардың жолын тауып табыс тапқаны жақсы, әрине. Бірақ өз ішіміздегі халық тұратын жер таппай жүргенде бұл үйлердің нарыққа шықпай қалуы жарамайды. Тұрғындардың саны артуына байланысты бізде баспана жетіспей жатыр. Сондықтан заңға өзгеріс енгізу арқылы пәтерлердің қала азаматтарына қолжетімді болғанын қалаймыз”, – деді Берлин қаласын дамыту және қоршаған ортаны қорғау министрі Андреас Гизель.

Жаңа ережеде пәтерді жалға беруге заңды рұқсат ететін тұсы да жоқ емес. Алайда ол үшін пәтер иесінің өзі де үйде болуы тиіс және жалға берілген бөлме үйдің жалпы көлемінің жартысынан асып кетпеуі керек.
нравится:    776
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии