|    |  
15 желтоқсан 2019
04:37
қаз
​Бес жылда әлемдегі есектердің тең жартысы жойылып кетуі мүмкін
22 қараша 2019, 12:10 73
Алдағы бес жылда әлемдегі есектердің тең жартысы екі есе қысқаруы мүмкін. Себебі олардың терісіне деген сұраныс артқан. Қытайдың дәстүрлі медицинасында есек терісінен препарат әзірлейді.


 
Қытайдағы есектер популяциясы 1992 жылдан бері 76 пайызға азайған. Ал 2007 жылдан бері олардың саны Бразилияда 28 пайызға, Бостванда 37 пайызға, Қырғызстанда 53 пайызға азайған.
 
Қытайда есек терісінен алынатын желімді дайындауға пайдаланады. Сондай-ақ Қытайдың дәстүрлі медицинасында ингредиент ретінде қолданады. Оны эцзяо деп атайды. Оның өндірісіне жыл сайын бес миллион тері керек. Алдағы бес жылда бұл салаға қазіргі әлемдегі есектердің тең жартысының терісі керек болады.



Дереккөз: Independent


Жаңалықтар