|    |  
20 шілде 2019
16:28
қаз
Бесіктің құрылысы
15 сәуір 2019, 10:32 67


✅ 1. Арқалық (арыс) — бесіктің үстіңгі, көлденең жұмыр белағашы. 

✅  2. Бөген (алдыңғы бас, артқы бас) — негізінен жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленіп, морға қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы. 

✅  3. Жақтау. Ол төртеу. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең. 

✅  4. Шабақ. Бұл да төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша. 

✅  5. Сабау. Ол екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш. 

✅  6. Жорға. Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама-қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы — бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербелуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігі — жорғаны қазақтар табан деп те атай береді. 

✅ 7. Тақтай. Бесіктің түбек орналасатын, төсек салынатын ортасындағы бөлігі.


Жаңалықтар