19 Октябрь
15:13
Астана: 4 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Мәдениет
10 маусым 16:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бесінші "Трансформерлердің" актерлік құрамы белгілі болды


"Трансформерлер" франшизасының бесінші бөлімінің актерлік құрамы бекітілді. Эпизод"Трансформерлер: Соңғы рыцарь" ("Transformers: The Last Knight") деген атауға ие болды және түсірілімі мамыр айында басталды.

Сонымен, Майкл Бэйдің фильміне Марк Уолберг, Джош Дюамель, Энтони Хопкинс, Стивен Мерчант, Жан Дюжарден, Питер Каллен, т.б. актерлер түседі.

Режиссер, сондай-ақ, Фрея есімді стаффордширк терьерін түсірілімге қатыстыратынын айтты. Эпилепсиямен ауыратын хайуан Әлемдегі ең жалғыз басты ит деген атпен де белгілі - ол осы күнге дейін 18 мың рет қожайын ауыстырған. Бұл фильм оның кинодағы дебюті болады.

Бесінші фильмде десептикондардың басшысы Мегатрон қайтып оралмақшы. 2018 және 2019 жылдары "Трансформерлер" әлемінің тағы екі жобасы жоспарланған. Ал, "Соңғы рыцарь" 2017 жылы маусымда шығуы тиіс.

Дереккөзі: kinostan.kz
нравится:    796
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии