Кербез
2 мамыр 15:35
Бет пішініне шаш үлгісін қалай сәйкестендіріп таңдауға болады
Бет пішініне сәйкес шаш үлгісін таңдауды көпшілік біле бермейтіні белгілі. Мұндай қателіктерді «кешіруге» келмес. Бір шаш үлгісі сіздің бетіңізді әрлендіріп, бірқатар «кемшіліктеріңізді» жасыруы (дөңгелек немесе сопақ бет, иек пішіні, мойынның қалыңдығы мен ұзындығы, тағы сол секілді) мүмкін. Ал екінші бір шаш үлгісі керісінше, қоршаған ортаға бәрін ашып, көрсетіп қоюы да ғажап емес.
Біреуге кекілсіз шаш үлгісі жарасады, енді біреуге бұрым, тегіс шаш жарасымды. Ал енді біреулеріне көлемді шаш пен биік шаш үлгілеріне назар аудару қажет. Бұйраның ұзындығы да түрлі көлемде болары белгілі. Кейбіреулерге ұзын бұйра шаш сәйкес келсе, енді біреуіне орташа ұзындықтағы шаш пен тіпті қысқа шаш та сән беріп, көркін келтіріп тұрады.



Шаштың түсі де сіздің түр-әлпетіңізді әрқалай қып көрсетуі әден мүмкін. Бірдей бет пішінде орныққан шаш үлгісі шаштың ашық не қара реңкіне байланысты түрлі көрінеді. Бұйра бастардың өзі де өзіндік диаметрге ие. Мәселен, мына бір қызға ұсақ бұйра келсе, ана қызға ірі бұйра шаш жарасымды, ал сізді толқын тәріздес шаш әдемі етіп көрсетуі мүмкін. Көріп отырғаныңыздай, шаш үлгісінің түрлері өте көп. Осы секілді мұрын, иек, көз, бет пішіні туралы да түрлі ақпараттарды айтуға болады. Алайда сізге бәрін білу қажет те емес. Ең бастысы, өзіңіздің сымбатыңызды таба біліңіз. Өз ажарыңызды ашатын шаш үлгісіне қол жеткізіңіз. Өз суретіңізді жүктеп, түрлі нұсқаларды сәйкестендіріп қарай аласыз.

Беттің дөңгелек және сопақ пішіні және шаш үлгісі

Пішіннің бірнеше түрі белгілі. Негізгілері: дөңгелек, сопақ, үшбұрышты, тіктөртбұрышты, тікбұрышты. Үшбұрышты форма алмұрт пішіндес немесе жүрек пішіндес болып келеді.

1. Сопақ. Мұндай форма идеалды болып есептеледі. Сол себепті кез келген шаш үлгісі жараса береді. Бұл жерде шаштың түсіне, қалыңдығына және бұйралығына мән берген абзал. Тек қана бет пішіні емес, шаштың күйі де маңызды екенін ұмытпаңыз. Біреудің шашы тым жұқа, селдір келеді, мұндай шашқа көлем беру қажет. Қалың шашты тегістеуге, созуға, өруге де болады. Сондай-ақ шашты бөлуде оны симметриялылығына, бұйралардың диаметріне қарай да сәндеуге әбден болады. Кекіл бәріне дерлік жарасымды. Бар мәселе шаштың ұзындығына, қалыңдығына және қайырылу бұрышына тікелей байланысты. Бір адам өзін кекілсіз елестете алмай жатады, енді бірі оны өсіргісі келеді, ал енді бірі жаңа имиджді қалыптастыруды ойлайды.

2. Дөңгелек. Бұл жерде шаш үлгісі бетті шығыңқы әрі жіңішке етіп көрсетуі өте маңызды. Мұндай бет-әлпетке кекіл ұсынылмайды. Иә, ол жасартып көрсетуі мүмкін, алайда ол бетті тым жалпақ етіп жіберетіні анық. Беттің контурын қайталайтын шашты сәндеу де жарасымды болмайды. Құлақты жаппаған орынды. Біреулер бет дөңгелек болса, шаштың көлемінің көтеріңкі болуы артық сантиметрлер береді деп ойлауы мүмкін. Алайда тегіс әрі көлемсіз шаштар тіптен жаман болып тұратынын да ескерген дұрыс. Бетті жалпайтудың да қажеті шамалы. Ассиметриялы шашты қысқарту үлгілеріне мән бергеніңіз орынды. Ірі бұйралар сіздің бетіңіздің формасын үлкейтіп жібереді. Бұл жерде маңыздысы визуалды түрде бет-әлпет пішінін шығара отырып, шашты «көтеру». Шашты сәндеген кезде жоғарыға қарай көтерілген элементтер болғаны дұрыс. Яғни шаш үлгісі төменнен жоғарыға қарай орналасуы керек.

Үшбұрышты бет пішіні және шаш үлгісі

Егер сізбің бет-әлпетіңіз үшбұрыш тәріздес болса, шаш үлгісінде сіздің астыңғы бет әлпетіңізді кең қылып көрсетуіне ерекше мән берген дұрыс. Жүрек тәріздес бет-әлпет өте анық. Бет сүйектері айқын көрініп тұрады, маңдай кең және астыңғы бөлігі тым кіші болып келеді. Сіз өзіңізге сырттан қарағанда осындай сызықтарды реттей білетін шаш үлгісін таңдағаныңыз дұрыс. Бет формасына сәйкес шаш үлгісін қалай таңдау керектігін түсінбей отырсыз ба? Бәрі де оп-оңай. Оқыс сызықтардың қажеті шамалы, төмен, басыңқы шаш үлгісі де қажеті жоқ. Бұл жүрек пішінді үш бұрыш «негізін» кеңейтіп жібереді. Бүйірде орналасқан шаштарға, сондай-ақ бетке түсіп тұратын шаштарға назар аударған жөн. Маңдайды тұтастай жауып тастауға болмайды. Бұйра шаштар оған түсіп тұрсын. Бұл бетті «теңестіруге» көмектеседі. Кекіл қажет деп тапсаңыз, ол қалың болмауы тиіс және де тік те қисық та емес, доға тәріздес болғаны абзал. Бұл беттің бұрыштарын жұмсарта түседі.

Үшбұрыш төңкеріліп тұруы да ғажап емес. Ондай кездері бет пішіні алмұрт тәріздес деп жатады. Яғни маңдай тар және сопақша келіп, жақ кең әрі «ауыр» көрінеді. Бұл жерде беттің төменгі жағын «тіптен ауырлатып» жібермеу қажет. Үшбұрыштың бас жағын кеңейту дұрыс болады, бұған кекіл көмектеседі, онсыз болмайды. Шашты түбінен көтеріп, шашқа көлем мен ен берген де маңызды.

Тіктөртбұрышты және тікбұрышты бет пішіні

1. Тік төртбұрышты бет-әлпет. Мұндай адамға қарап тұрған кезде бет-әлпетінің жоғары бөлігінің ені мен иек ені бір-бірімен сәйкес келетіндей сезім болады. Сол себепті ол барынша «ауыр», өрескел көрінеді. Бұл реттегі маңызды сәт осынау барлық бұрыштардың ұяңдануы. Тегіс толқындар қажет. Шаш үлгісінің асимметриялы болуы барынша жарасымды болады. Егер сіз кекіл қалдырмақ болсаңыз, онда түзу сызықтар жараспайды. Бет-әлпеттегі артық бұрыштардың еш қажеті жоқ. Оны қалың етіп қоюға кеңес берілмейді. Оларды кері тарамаңыз. Жақ пен маңдай бұрыштарын тегіс ету үшін «қауырсындатып», сатылап көруіңізге болады.

2. Тікбұрышты. Шаштың өсу сызығы жоғары орналасқандықтан, маңдай биік сияқты көрінеді. Дөрекі айтсақ, тіктөртбұрышты елестейді. Сондықтан да бұл ретте де шашты жып-жылмағай етіп тарауға кеңес берілмейді. Бұрыштарын тегістеген дұрыс. Бірақ, егер көзбен бір шолғанда тіктөртбұрышты бет-әлпетке ұзартатын шаш үлгісін таңдауға болса, бұл ретте мұндайға таңдау жасамаған жөн. Бұл орайда бұрыштардан «құтылып» қана қоймай, сонымен бірге аздап қысқартқан да дұрыс. Құлақтарды жабыңыз, жан-жағын міндетті түрде бұрымды болуы керек. Жай әшейін тұтам шаш емес, жинақы, толқынды бұрым болуы қажет. Маңдайды ашық қалдырмаңыз. Шашты маңдай мен самай тұсында тегіс тарамаңыз. Сонымен қатар маңдайда мүмкіндігінше жанына қарай кететін тұтам шаш қалдырған жөн. Самай маңында сәнді асимметриялы шаш жасап көріңіз. Сіздің таңдауыңыз маңдайдың биліктігі мен ені «жасырын» болатындай шаш үлгісі болуы керек.

Дереккөз: http://www.zhenskoeschastie.com

Комментарии




Яндекс.Метрика