26 Май
18:17
Астана: 30 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Кербез
12 мамыр 16:02
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Бет және тері күтімінің 9 құпиясы

Әрине қартаюды ешкімнің жаны қаламайды. Бұл қалыпты процесс әсіресе нәзік жандылар қауымын көбірек алаңдатады. Олар өздерін көпшілік ортада жас қалпында көрсе деген ниетпен қартаюмен үнемі күреседі. Бұл ретте әйелдер қауымы бет күтімін басты назарда ұстайды. Бұған қыз-келіншектер ақша мен уақытты аямайтынын айта кеткен жөн. Дегенмен қыруар қаражат пен сарп еткен уақыттың барлығы пайда әкеле бермейтінін көп жандар біз айтпасақта жақсы түсінеді. Бұл мақалада терінің қалай жасартуға болатынын кеңінен айтпақпыз. Ал ендігі кезекте бет күтімі мен теріні жасартудың оңтайлы жолын іздегендерге кереметтей кеңестер ұсынылады. Мұқият зер салып, бір деммен оқыңыз.

1.Егер теріңіздің түсі өзгеріп, әжімнің алын алғыңыз келсе, күнделікті таңертеңгі және кешкілік жатар алдында салқын суға бетіңізді жуыңыз. Мүмкіндігінше мұзбен бетті ысқалаңыз. Ескерту саусақтар үспеуі үшін матамен ұстауды ұсынамыз. Бұл тәсілді үзбей орындау арқылы бетіңіздің ажарын одан сайын жақсарта аласыз.

2.Жоғарыда айтылған тәсілде мұздың орнына түрлі емдік шөптерді қолдануға болады. Бастысы ол қатты күйде, яғни мұз пішінде болуы шарт.

3.Келесі кезекте дұрс тамақтану. Тамақты талғамай жей беретіндердің денсаулығын айтпағанда беттегі әртүрлі жара, дақтардың болатынын көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Әрине, бұл қорқынышты. Міне осы қорқынышты шын өмірде тек елестетуді ғана қаласаңыз, онда дұрыс әрі уақытылы тамақтануды қолға алыңыз. Майлы, ащы, қуырылған тағамдарды азайту арқылы сіз беттегі қара дақтар мен бөртпелерден бір жолата қоштасуға мүмкіндік аласыз.

4.Балық, көкөніс пен жеміс жеуді арттырып, емдік немесе  әртүлі дәмдегі шөп шайларын ішіп тұрыңыз.

5.Аз ашуланып, көбірек күлім деңіз. Адамның көңіл күйінің айтарлықтай кері әсері бар. Ашушаң адамның шеке басы тырысып жүруіннен әжім түсе бастайды. Ал күлімсіреген адамның жүзі ғана емес, бет ажары да жадырап сала бермек.

6.Күнделікті болмаса да бір мезгіл косметолог маманның кеңесін тыңдауға салондарға бас сұғып тұрыңыз.Бетке пилинг жасатыңыз. Ол теріні жұмсақ, әрі тегіс етеді. Шығынға ұшырамауыңыз үшін табиғи өнімдерді көбірек қолданыңыз.

7.Ішімдік пен жаман әдеттерден арылыңыз. Темекі терінің түсін өзгертіп қана қоймайды. Одан келер зиянның бірі тері жарқын болуын тоқтатады.

8.Көбірек ұйықтаңыз. Ұйқы бетіңіздің бір мезгіл косметикалық бояулардан тазаруына септігін тигізеді. Ұйықтар алдында крем қолдануға болады.

9.Тональды кремнен бас тартыңыз. Оны көп қолданудың салдарынан сіздің жүзіңізді бірнеше жасқа үлкен етіп көрсетуі ғажап емес. Қара дақтан бастап бетке келер зиянның барлығын осы кремнен табылады.

Үнемі жастай көрінуді қаласаңыз, өмірлік образды өзгертуден қорықпаңыз. Бір мезетте 180 градусқа өзгреуді көздеуден аулақ болыңыз. Барлық әрекеттердің пайда әкелетін тұстары ақырындап жүзеге асады. Осындай кеңестерге жиі құлақ түрген жөн. Дегенмен әркүні әртүрлі тәсілдерді қолндану арқылы беттің күтімін жоғалтасыз. Пайдалы мәліметтер қашанда адамға керек дүние. Жанарыңыз жадырып, мәңгі сұлу бейнеңізбен адамдардың есінде қалыңыз.
  
Дереккөзі:zhenskoeschastie.com
 
 
нравится:    68
Теги: Аруларға кеңес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии