18 Декабрь
03:28
Астана: -18 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
24 мамыр 10:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бетке арналған спонжды қалай қолданамыз?

Жұмыртқа пішінді спонж — сәнді өнертабыс қана емес, сонымен қатар бет терісі күтіміне арналған қажетті құрал. Ендеше, бетке арналған спонжды қалай қолданамыз?

Бұл бағытта алғаш BeautyBlender компаниясы тональды крем және опа жағатын алқызыл спонж шығарды. Оның шыққанына 10 жылдай уақыт өтті, қазір оған ұқсас спонждар көптеп шығарылуда. Мұндай спонждың артықшылығы — көлемді пішіні және аллергия тудырмайтын берік материалдан жасалуы.

Жұмыртқа пішінді спонждың көмегімен қаптаманы бетіңізге тегіс етіп жағуға болады. Оның үшкір ұшы сұйық тональды құралды көз және мұрын айналасындағы «күрделі» жерлерге, ал көлемді жері маңдай, иек және жаққа жеңіл жағуға мүмкіндік береді.

Спонжды қолдану ережелері:

– Спонж құрғақ болмауы керек. Оны сулап, сығып, содан соң қаптама жағуға кірісіңіз;
– Тональді құралды спонжға аздап құйып, теріге жеңіл қозғалыспен жағыңыз;
– Спонжды әр қолданған сайын жақсылап жуу керек. Оны жуған кезде сусабынды қолдансаңыз болады. Егер спонжды уақытылы тазалап тұрмасаңыз, бетіңізге безеу шығып кету қаупі бар;
– Спонжды ашық ауада кептіру керек. Оны арнайы торлы пакетте немесе өзін бір пакетке салып сақтаған жөн;
– Оны әр 3 ай сайын жаңасына ауыстыру қажет.

Жуынуға арналған спонжды қалай қолдану керек?

Макияжға арналған спонждан басқа жуынуға арналған спонж түрлері де болады. Мұндай құрал ұсақ тесікті сорғышқа ұқсайды. Ол теріні жұмсақ тазартып, артық майды кетіреді. Бет жууға арналған спонжды төмендегі ретпен қолдану қажет:

– Спонжды сулап, оған тазартатын құрал (көпірік немесе гель) құйыңыз;
– Беттің ортасынан шетіне қарай массаждық қозғалыспен уқалаңыз;
– Бетті сумен шайған соң, спонжды да жақсылап жуыңыз. Майлы және аралас теріге спонжды күнде қолдануға болады. Егер теріңіз құрғақ болса, онда спонжды аптасына бір рет қолданғанның өзі жеткілікті. 
нравится:    866
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии