20 Октябрь
03:48
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Спорт
17 тамыз 10:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Бетперде киген бәзбіреу футбол матчы кезінде қақпашыны буындырып өлтірмек болды

Швецияда бетперде киген белгісіз біреу футбол матчы кезінде қақпашыны буындырып өлтірмек болды. Бұл туралы Life.ru хабарлайды. Қаскүнемнің шабуылынан кейін қақпашы жерге құлап, бірнеше минут бойы тұра алмай жатқан. Швецияның бірінші лигасындағы «Йёнчёпингс Сёдра» мен «Эстерсунд» клубтарының арасындағы матчты тоқтата тұруға тура келді. Бетперде киген қаскүнем Али Кейтке жүгіріп келіп, мойын тұсынан ұстап, буындырмақ болған. Оқиға 15 тамызда ойынның аяқталуына жарты минут қалғанда болған. Әзірге спортшының қандай жарақат алғаны анықталу үстінде. Ал қастық жасаған ер адамды стюард тоқтатып, жерге алып жықты. Қаскүнем полицияға берілместен, бұрын стадион трибунасында жарылғыш заттың бар екенін айтқан. Алайда тәртіп сақшылары ешқандай күдікті затты таба алмады. Төреші кездесуді үзілген жерінен аяқтауды жөн тапты. Ойын 1:1 есебімен аяқталғанымен, «Йёнчёпингс Сёдра» клубына 0:3 есебімен техникалық жеңіс тағайындалуы мүмкін. Бұл егер Швецияның футбол федерациясы стадион қызметкерлерінің матч кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай алмады деген шешімге келсе ғана іске асады.

 
нравится:    855
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии