Спорт
5 қазан 15:25
БЕЙБІТ НАЗАРОВ ƏЛЕМ БІРІНШІЛІГІНДЕ ЕКІНШІ РЕТ АЛТЫН БЕЛБЕУ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде аралас жекпе-жектен ММА «KUNLUNFIGHT 4 CAGE SERIES»  Әлем біріншілігі өтуде. Оған 15 елден ең мықты деген 22 спортшы қатысуда.

Бейбіт Назаров осы турнирде өзінің «Алтын белбеуін» екінші рет қорғады. Ол қарсыласы Massimo Capusello-ны  20 секунд ішінде жеңіп, алтын белбеуін қорғап шықты.

Бейбіт осыған дейін сәуір айында Алматыда өткен осындай Әлем біріншілігінде «KUNLUNFIGHT» тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Кейін, көп ұзамай маусым айында Бейжің қаласында өткен кезекті әлемдік додада ол жергілікті сайыпқыран Бухао Тянды жеңіп, өз белбеуін бірінші рет қорғап қалды.

Дереккөзі: baistars.kz
 

Комментарии




Яндекс.Метрика