|    |  
23 сәуір 2019
17:05
қаз
Бейтаныс жігіт Анар Батырханға тікелей эфирде сөз салды
13 желтоқсан 2018, 14:52 7
Актриса әрі тележурналист Анар Батырханға бейтаныс жігіт тікелей эфирде ұсыныс жасады. Тосын оқиға «Шаңырақ» бағдарламасында орын алған. Актрисаның осы бағдарламаға қатысатынын білген жігіт Ақтаудан арнайы ұшып келген.


 
«Анар, мен сізге бұрыннан ғашықпын. Бағдарламаға келетініңізді біліп, сонау Ақтау қаласынан ұшып келіп отырмын. Анаңыздың, ұстазыңызды, әріптесіңіздің алдында сіздің қолыңызды сұрауға келдім. Маған тұрмысқа шығуға келісесіз бе?» – деген жас жігіт тізерлеп отырып жүрегін ұсынды.
 
Мұндай тосын жайды күтпеген бойжеткен жігіттен орнынан тұруды сұрады. Ал актрисаның қасындағы анасы «сақинаны қабыл ал» деп кеңес берді. 
 
«Тікелей эифрде бұлай келіп ұсыныс жасау маған жат нәрсе. Араласайық, білісейік. Сізге сақинаңызды қайтара тұрайын. Ал гүлді алып кетейін», – деген актриса ұсынысты қабыл алмады.
 

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар