22 Август
05:39
Астана: 8 °C
Алматы: 9 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
25 ақпан 09:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бейжің билігі тұрғындар санын 23 млн-нан асырмауды жоспарлап отыр
Бейжің билігі алдағы бес жылда қала тұрғындарының санын азайтып, астана халқын 23 млн-нан асырмауды жоспарлап отыр. Ол үшін орталықта тұратын жұртты шаһар сыртына көшірмек.



Жоспар бойынша Қытай астанасындағы 6 ауданның тұрғындарын 15%-ға дейін азайту көзделген. Қытай билігі 2020 жылға қарай Бейжің тұрғындарының санын 23 миллионнан асырмау керек деп жоспарлап отыр. Ол үшін қаланың шетінен Тунчжоу деп аталатын арнайы әкімшік орталық салып жатыр. Ресми дерек бойынша, бүгінде алып мегаполисте 21 млн 700 мың адам тұрады. Соңғы жылдары Бейжің тұрғындарының саны күрт өсіп, қаладағы инфрақұрылымға үлкен салмақ түсе бастады. Әсіресе көлік кептелісі кімді де болса мезі етті. Оған қоршаған ортаға тигізер залалын қосыңыз. Осындай олқылықтар қаланың дамуын тежеп тұр. Қытай билігі бұған дейін бірнеше рет астана халқының санын шектеу жөнінде қаулы қабылдаған болатын.

Алайда 2004 жылы 2020-ға қарай қала тұрғындарын 18 млн асырмау жөніндегі жоспары жүзеге аспады. Енді қала сыртынан Тунчжоу атты қосымша әкімшілік орталығын салуға кірісті. Келешекте бұл жерге 400 мың адам көшірілуі тиіс.

Ли Шисян, Бейжің мэрінің орынбасары:
- Бейжіңнің астана үшін басы артық функцияларды сыртқа ығыстыру мақсатында қосымша әкімшілік орталығын тезірек салуымыз керек. 2017 жылға дейін негізгі мемлекеттік мекемелер мен қаланың кейбір кеңсесін жаңа кешенге көшіруге күш саламыз. Биыл жыл соңына дейін ел астанасындағы 300-дей кәсіпорын бас қаладан басқа жерге көшіріледі. Бұл тізімге ауаны қатты ластайтын өндіріс ошақтары енген. Бұдан бөлек қаланың 4-шеңберінде орналасқан логистикалық базалар мен базарлар да алдағы бес жылда іргесін аулаққа салады. Ал биыл заңсыз тұрғызылған 15 млн шаршы метр құрылыс күреліп тасталмақ.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    551
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии