21 Август
12:20
Астана: 23 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
13 шілде 13:02
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​БҒМ жетімдерді «топас» деген қызметкерлерін қалай жазалады?

 
Білім және ғылым министрлігі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың мәліметтер қорындағы сауалнаманың дұрыс толтырылмау фактісі бойынша қызметтік тексерісті аяқтады.
 
Еске салайық, өткен жұма яғни 8-шілде күні балалар үйінің тәрбиеленушілерінің жеке бас деректері ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитетінің сайтында жарияланған болатын. Ізін суытпай сауалнамадағы «топас», «салақ», «еріншек», «қорқақ» және т.б. сорақы сипаттамалар оқырмандардың жағасын ұстатқан еді.
 
Бүгін ҚР БҒМ жетім балалар туралы ақпаратты мамандандырылған 146 ұйымның педагогтері әзірлегенін хабарлады. Министрлік мамандары балалар үйіндегі 8 066 тәрбиеленушінің жеке бас деректерін тексеріп шыққан. «Қызметкерлердің іс-әрекеті балалар құқығының бұзылғанын көрсетеді. Министрлік Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарының әкімдіктеріне осы бұзушылықтарға жол берген мамандарға шара қолдану жөнінде хат жолдады. Алматы мен Қостанай облыстарының әкімдіктерінен ауызша алынған ақпарат бойынша жауапты тұлғаларға заңға сәйес сөгіс түріндегі тәртіптік жаза берілді»-делінген министрліктің ресми сайтындағы хабарламада.
 
Дереккөз: ratel.kz
нравится:    659
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии