Әлем жаңалықтары
19 қазан 10:22
Биг-Бен сағаты бірнеше айға тоқтатылуы мүмкін
Атақты Биг-Бен сағаты бірнеше айға тоқтатылуы мүмкін. Таратылған мәліметтерге қарағанда, соңғы екі жыл ішінде сағатқа күрделі жөндей жұмыстары жүргізілмеген екен. Егер жөндеу жұмыстары қазір жүргізілмесе, онда конструкция толық істен шығуы мүмкін.



Парламент отырысында оқылған баяндамада сағат тілдерінің ескіріп, жөндеуді қажет ететіні туралы айтылған. Сондай-ақ оның техникалық жағдайының да нашар екендігі келтірілген. Жөндеу жұмыстары  төрт айға созылуы да мүмкін бұл туралы Guardian сітеме жасай отырып ТАСС хабарлайды.

Еске сала кетейік, Биг-Бен – Лондон символдарының бірі. Темза бойындағы көпір жиегіндегі төрт қырлы осы мұнараның циферблат диаметрі 7 метрге жететін төрт саға­ты, мұнараның ұшар басындағы салмағы 13, 5 тонналық қоңырау, бұл сағаттың жүре баста­ғанына 156 жылдан асты.

Комментарии




Яндекс.Метрика