12 Декабрь
02:44
Астана: -15 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
14 тамыз 17:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Білегінен құлақ өсіріп шыққан суретші әлемді таң қалдырды

Австралияның Перт қаласында Стеларк (Stelarc) деген лақап атпен танымал суретші тұрады. Білегіне есту органын өсірткізіп шығарған Стеларк енді оны ғаламторға жалғамақшы, деп хабарлайды ABC News.

Австралиялық қарт денесіндегі осы бір үшінші құлақты одан әрі өсіріңкіреп, оған түйме пішінді микрофонды жалғайды. Сосын оны сымсыз Wi-Fi арқылы ғаламторға тәулік бойы қосып қояды.

Суретші білектегі құлағы арқылы өзі естіген дыбыстың бір де біреуін қалдырмастан, ғаламтор арқылы жер-жаһанға таратпақшы екен. Ал оның қай дыбысты нақты қай жерде жүріп естігені жайлы ақпаратты GPS-модульден танып білуге болады.

Айта кету керек, осыған дейін адамның ойына кіріп шықпайтын әрекеттерге әуес бұл қарт өзінің бас сүйегіндегі құлақ етіне микрофонды кіріктіріп көрген еді. Бірақ ол кезде мұнысынан түк шықпай, кіріктірілген тұстағы еті бұзылып, микроб түскендіктен тәжірибені тоқтатқан.

Жалпы құлақты білегіне өсіріп шығару үшін Стеларк 20 жыл өмірін сарқ еткен. Оның алғашқы 10 жылында суретші мұндай операцияны жасауға жүрексінбейтін дәрігерлер іздепті. Ақыры 2007 жылы оның сол қолына биополимерлі тірек кіріктірілді. Артынша оның айналасына тері өсіп, қан тамырлары пайда болыпты.

Суретшінің айтуынша, болашақта адамдар өз денесіне бөгде заттарды кіріктіру арқылы да ғаламторға қосылатын болады, деп жазады lenta.ru.

Дереккөзі:nur.kz
нравится:    707
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии