Экономика
10 маусым 14:59
Билл Гейтс Африканың кедей елдеріне 100 мың тауық сыйлайды

​Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс тропикалық Африкадағы кедей елдерге көмектеспек. Ол Африка мемлекеттеріне 100 мың тауық жөнелтіп, ірі акцияны бастамақ. Бұл туралы Интефакс-Қазақстанақпараттық агенттігі жазды.



Билл Гейтстің айтуынша, құс өнеркәсібі – аймақтағы кедейлікпен күрестің ең жылдам әрі әсерлі жолы болуы мүмкін. Жоба жоспарлаушылары құс өсірудің кедей жанұяларға пайдалы, шығыны аз кәсіп екенін айтады. Ал тауық жұмыртқасы – балалар үшін өте пайдалы. «Бұл идея күлкілі көрінуі мүмкін. Бірақ маған құс шаруашылығы жайлы ой шынымен ұнайды», – дейді Билл Гейтс.

Оның айтуынша, небәрі 5 тауығы бар фермер үш ай ішінде құстарының санын қырыққа жеткізе алады. Африканың батыс бөлігінде бір тауықтың орташа бағасы – 5 доллар. Нәтижесінде, фермердің бір жылдағы табысы 1000 доллардан асуы мүмкін. (Африкадағы орташа күнкөріс деңгейі – жылына 700 доллар).

Жоба мақсаты – тропикалық Африканың 30% тұрғынына вакцинадан өткен, дені сау құс өсіруі үшін жәрдем ету. Бүгінде мұндай мүмкіндік тек 5% тұрғында бар. Билл Гейтс осыдан бір жыл бұрын балалар өлімінің алдын алу үшін Азия мен Африка елдерінде медициналық орталықтар желісін салу жоспарымен бөліскен еді.

Комментарии




Яндекс.Метрика