26 Сентябрь
15:10
Астана: 7 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Экономика
24 ақпан 10:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Билл Гейтс арзан энергия көзін тапқан адамға қомақты сыйақы бермек
Әлемнің ең бай адамы Билл Гейтс жұртшылыққа ортақ арзан энергия көзін тапқан адамға сыйлық беретінін айтып жар салды. Миллионер мен оның жары жастарды идеяларымен бөлісіп, кедей жандарға көмек беруге шақырды. ​Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

bill-gates-jpg

Марапаттың нақты қанша екені айтылған жоқ. Әйтсе де ол ойы озық шыққан адамға қомақты ақшалай сыйақы ұсынбақ. Оның ойынша, дәл осындай жаңалық ғана қазіргі планета мен әлемді құтқара алады. Билл жастар әркез қоғамнан тыс қалмай, оның әрбір қиындықтарын жеңіп отыруға міндетті деп ойлайды. Сондай-ақ, таза энергия көзін табу да осы жастардың еншісінде болуы тиіс. Билл және Мелинди Гейтстер жыл сайын өздерінің Bill and Melinda Gates Foundation (B&MGF) қоры атынан бейнебайланыс арқылы ең өзекті сауалдар төңірегінде халықпен байланысқа шығып отырады.

“Егер біз планетамыздың ең кедей адамдарына расымен көмектескіміз келсе, онда біз арзан әрі таза энергия табуымыз керек. Арзан, әрі кез-келген адамға қолжетімді болуы шарт. Таза дейтін себебім, ол энергия көзі көмірқышқыл газын бөліп шығармауы тиіс. Бұл климаттың өзгеруіне әкеліп соғады. Бізге алдағы 15 жыл көлемінде осы мәселені шешу қажет”, – деді “Microsoft” компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс.

 
нравится:    741
Теги: Главная, Тұлға,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии