13 Декабрь
03:54
Астана: -25 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Экономика
26 қазан 15:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Билл Гейтстің көңілін өсірген 5 кітап
Founder and Chairman of Microsoft Bill Gates holding a copy of Business Adventures by John Brooks.


Хакім Абай: «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», – деп талай заманнан өтіп, бүгінге жеткен даналықтың қайнар бұлағын көрсеткен. Оның таудан бей-берекетсіз құламайтынын, қаталап іздеп барған қажырлы жастың ғана несібесі екенін де білдірген. Адам ұғлын қараңғыда адастырмайтын білім шынында да кітапта, ал бірақ кітап мың сан. Оздыратыны мен тоздыратыны үйме-жүйме араласып, бықып жатыр. Таным көкжиегін кеңейтіп, көңілге азық болатын құнды шығарманы, татымсыз, шалағай дүниеден ажыратып алу күн өткен сайын қиындап барады. Жарияға шығып жатқан талай кітапты сүзгіден өткізіп, сүбелісін сүзіп беретін Man Booker Prize сынды тұғырлы құрылымның да саны артып, іле-шала сапасы кеміді. Бірақ осынау шиыртпақты, үмітсіз жағдай кітап оқудың мәнін титтей де түсірмесе керек.

Уақыт сынынан өткен әлемдік өредегі классиктермен қатар шоқтығы биік басқа да шығармалар қашанда оқырманын тауып, өлмес мұралар қатарына қосыла беретіні сөзсіз. Ал, көмекке көздің майын тауысқан оқымыстылар ғана емес, жұртқа тұлға болуға жараған бизнесмендер де келіп жатса нұр үстіне нұр.

[Founder and Chairman of Microsoft Bill Gates holding a copy of Business Adventures by John Brooks.] Анығы, өмірде игілікті істерге мұрындық болған, сөйтіп байлыққа, құрметке жеткен мықтылардың көбі ойын-күлкіге емес, жастайынан басқа, оқшау тірлікке құмартқан. Білімін тынымсыз кеңейтіп, қабілетін дамылсыз ұштап, жаннан кешіп еңбек еткен аттың төбеліндей ғана жақсының жұлдызы жанса, несі таң?! Ал, ілгеріде, төтенше тәжірибесімен, ұлағатты ойларымен бөлісіп жатса, несі айып?! Өскін, жеткін ұрпақ білсін, танысын, биігірек самғасын деу ірілік емей немене?!

Қыратты, белесті бизнес әлемінде тасы өрге домалап, бағы асқан жандардың қабырғалы кітаптарды орта деңгейлі қисапсыз көп шығармадан айырып, атын атауы шетін құбылыс емес. Олар көптен бері «оқыдық, пайымдадық, пайдасы зор, әсері мол, ықпалы орасан» деп болмысы айрықша шығармаларға нұсқап келеді. Билл Гейтс солардың бірі. Дәулеті шалқыған атақты бизнесменнің кітап оқу машығы ерте қалыптасқан екен. “Қаршадай кезімде армандарым көп еді, олардың өзі кітап оқығанда пайда болатын” дейді ол.

Америка жастары Бритни Спирсті аспанға көтеріп, табынуға айналған тақау жылдары қияндағы қытай жастары Билл Гейтске бауыр басып, құлай сүйген еді. Кейінгінің махаббаты «сондай болсам» деген елесті арман, ерекше мұрат тудырды. Болмаса да, ұқсап бақты. Ұтты, ұтылмады. Қазір де Гейтстің қадамын аңдып, сөзін тыңдайтын жұрт қара құрым. Саны еселеп артқан програмисттер ғана емес, жаңалыққа асық, жасампаздыққа бейім түрі, түсі бөлек, тілі, ділі бөтен қаншама жұрттың баласы. Әккі бизнесмен мұны біледі, себебін де түсінеді. Сондықтан, оқыған кітабын, түйінді пікірлерін ара-тұра жеке вебсайтында әйгілеп тұрудан жалықпайды.

Төменде 2014 жылы Билл Гейтстің көңілінен шыққан кітаптардың тізімін беріп отырмыз. Білгенге маржан дүниелер.

1.Бизнес хикаялар, Джон Брукс (Business Adventures, John Brooks)

2.XXI ғасырдағы Капитал, Томас Пикетти (Capital in the XXI century, Thomas Piketty)

3.Азия жетістігінің сыры неде? Джо Студвелл (How Asia Works, Joe Studwell)

4.Роузи әсері, Грем Симсион (The Rosie Effect, Graeme Simsion)

5.Қазіргі дүние құрылымы: материалдар мен дематериалдандыру, Вацлав Смил (Making of modern world: materials and dematerialization).

Дереккөзі: http://jakhan.kz/
нравится:    825
Теги: Бизнес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии