|    |  
20 шілде 2019
01:49
қаз
​Бір топ өнер жұлдызы Арысқа аттанды
27 маусым 2019, 17:28 105
Бір топ өнер жұлдызы халыққа қолдау білдіру үшін Арысқа аттанды. Атап айтқанда Ерғали Әбдірайымов, Сәкен Майғазиев пен Гүлзира Айдарбекова қазір сол жақта жүр. Гүлзира Айдарбекова Арыстағы жағдайды видеоға түсіріп, желідегі парақшасына жүктеуде.


 
«Аналарымыздың көз жасы тек қуаныштан болсыншы! Біреулер пайдасын ойлап, ұрлықпен күнәға батуда, ал біреулер қайтсем көмектесе аламын деп, соңғы нанын бөліп беріп сауап жинауда. Мұның бәрін түсіну үшін көзіңізбен көрсеңіз»-дейді продюсер.
 

Түнгі сағат 3:00 болды, енді ғана қонақ үйге келіп орналастық. Халықтың мұң-мұқтажын есітіп, Ерғали Абдраймов, Сакен Майғазин үшеуіміз ақылдасып алуға бас қосып, қонақ үйге оралған бетіміз. Таңғы сағат 8- де жолығып, ары қарай ойластырған көмегімізді бастап кетуге келістік. Жүрегі Қазағым деп соққан адамдардың бәрі көмек қолын созуда еш аянбастан. Шымқалада көлемі өте үлкен заңғарадай коттедждер көп қой, сол кісілер 10-20 адамнан бастап, 50-100 шақты адамдарды үйлеріне алып кетіп қарасып та жатыр екен.Тіптен бүкіл мектепке бөлінген адамдар көп. Тамақ жеткізілуде. Ал киім-кешек көбіне ескі киімдер таратылады екен, енді жұрт барын беріп жатыр оларды да кіналай алмаймыз. Размері келмейді, оның үстіне жиіркеніңкірейміз дейді. Соншама адамның размерін туралап тауып алып келу де оңайға соқпайтын шығар. Бірақ, кейбір адамдар жаңа киімдер де арасында алып келетіндері де жоқ емес. Арнайы алып келген картасымен бірге біраз ұялы телефондарымыз бар, ЦУМ-нан көбірек етіп ала келгенбіз. Ең дұрысы ақшалай берсек, қалағандарын ала-алады. Себебі: әйелдер іш киімдерге, жеңіл аяқ киімдерге зәру екен. Ал балалар құр майкы-трусимен шығып кете берген. Адамдардың жоғалуы, балаларын таппай жатқан себебін де айта кетейін. Зданияларға жарылыс басталғанда, кез-келген адамның қолына, кімнің баласы екеніне қарамастан бір-біреуін ұстатып жібере берген.Ең бастысы аман қалсын деп. Көлікке артылған адамдар бірі Таразға, бірі Сарыағашқа, Бадамға, Шымкентке әйтеуір жан-жаққа бөлініп кете берген. Есін білмейтін нәрестелердің аты-жөнінде білмей жатқандар көп. Сол себепті, қайта Арысқа оралғанда қауышатын шығар жоғалғандар. Бірақ ана жүрек тыным тапсын ба? Бір күндері мың дылға айналғандай болары анық. Тағы бір құлағымнан кетпей қалған өтініштері: балаларымыз күн ыстықта қиналып кетті. Ең болмаса демалыс лагерлерге жіберіп көмектессе деп өтініштерін айтып жатты.Сол жерді айналшықтап, жұрттың бергенін пайда көріп, тамақ,киімдерді сықпыртып жүргендерде бар екен. Қария апалардың көз жасын көргенде шыдап тұру қиын. Тезірек үйлеріне оралып, түс көргендей бәрі ұмыт болса екен.✊

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)


Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар