16 Декабрь
13:03
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
23 қазан 10:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бір жасында атастырылған қыз 18 жылдан кейін күйеуімен ажырасты


Бір жасында жергілікті дәстүрге сай атастырылған Үндістанның Джодхпур қаласының тұрғыны Сантадеви Мегхвал (Santadevi Meghwal) 19 жасында уағдаласқан некенің заңды түрде бұзылуына қол жеткізді. Бұл туралы The Daily Mail хабарлайды.

1997 жылы 11-айлық Мегхвал мен тоғыз жасар Саанвалом Рамом (Saanval Ram) арасында жасалған неке, қалыңдықтың сотқа бірнеше мәрте шағымдануы нәтижесінде өзінің күшін жойды. Аталған сот процесі екі жылға созылған.

Өзінің атастырылғандығын Мегхвал 2013 жылы әкесі кезінде атастырылғандығын, ендігі кезекте күйеу жігіттің үйіне барып тұру қажеттіген айтқан кезде ғана білген. Ата-анасының қарсылығына қарамастан Мегхвал «бесік» құдалықты бұзуға бел буып, сотқа шағымданған. Жергілікті дәстүрге қарсы шыққаны үшін Мегхвал қуғын-сүргінге де ұшыраған. 

Тозығы жеткен дәстүрге қарсы шыққан «батыр қызға» Saarthi Trust ұйымы көмек қолын созған екен.
Өзінің бостандығы мен таңдау еркіндігіне ие болған Мегхвал  енді Джодхпурада мұғалім болуды жоспарлап отыр.
 
нравится:    887
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии