Әлем жаңалықтары
28 қыркүйек 10:01
Бірөңкей пластик ыдыстардан салынған үйлер де бар

Адам баласының ойлап таппайтыны жоқ. Мұны, әсіресе, бұрын пайдаланылып кеткен затты қайта өңдеп алуға немесе басқа мақсаттар үшін жаратуға келгенде неше түрлі тапқырлықтар шығып жатыр бүгінде. Бұл туралы NewsZona дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

Осындай тапқырлықтың бір түрі енді Нигериядан шықты. Алыстағы Африканың нағыз ми қайнатарлық ыстық нүктелерінің бірінде отырған елдегі тұрғындар арасында қазір пластикалық бөтелкелерді қабырға ретінде өріп шығып, баспана тұрғызып алып жатқандар көп көрінеді. Олар мұндай ыдыстарды көбіне-көп қалдықтар шығарылып тасталған аумақтардан жинап алады екен.

Бір қызығы, мұндай үрдіс бүгінде тек Нигерияға ғана тән болып отырған жоқ. Пластик бөтелкелерден жай салып алуды табиғаттың одан гөрі әлдеқайда суық өңірлерінде тұратындар да қолға ала бастапты. Сондықтан біз бүгін сондай құрылыстардың бірқатарын назарларыңызға ұсынып көрмекпіз.



 

Комментарии




Яндекс.Метрика