22 Август
05:36
Астана: 8 °C
Алматы: 9 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
3 ақпан 12:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бірыңғай төлем құжаты «Астана - ЕРЦ» негізінде шығарылатын болды


Үстіміздегі жылдың 1 ақпанынан бастап Бірыңғай төлем құжатын (БТҚ) шығару және төлемдерді өңдеу «Астана - ЕРЦ» негізінде жүзеге асырылатын болды. Осыған байланысты БТҚ тек екінші деңгейлі банктерде ғана, соның ішінде «Қазпочта» АҚ төлеуге болады.

Сонымен қатар, 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап коммуналдық қызметтер бойынша келісім жасау және қайта есептеу жүргізу мәселелері бойынша қызметтерді жеткізушілердің: «Астана су арнасы» МКК, «Астана Тазарту» ЖШС,  «Астанаэнергосбыт» ЖШС абоненттік учаскелеріне жүгіну қажет.

Еске салайық, Астанада 2015 жылдың қазан айында Бірыңғай төлем құжаты енгізілген болатын. Жаңа құжатта «Астанаэнергосбыт» ЖШС және «Астана-ЕРЦ» ЖШС түбіртектерінде болған қызметтер біріктірілді. Заманауи шоғырландырылған төлем жүйесі барлық коммуналдық қызметтерді бір түбіртекпен төлеп, комиссиялық шығындарға жұмсалатын ақы мен уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Дереккөзі: astana.gov.kz
 
нравится:    654
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии