11 Декабрь
17:01
Астана: -9 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Экономика
15 қаңтар 18:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаттары қайда жұмсалады?


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаттары қайда жұмсалатыны ақпан айында анықталмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.«2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Ұлттық Қорды басқару мен БЖЗҚ басқару кеңестері біріктірілді. Зейнетақы қорындағы қаражаттарды қайда инвестициялау қажеттігі туралы шешім көп ұзамай қабылданады. Меніңше, бұндай шешім ақпанда орын алуы мүмкін. Сол кезде кеңес отырысы өтеді. Онда Ұлттық банк пен Үкімет 2016 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаттарын қайда бағыттау керектігін анықтайтын болады», -деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, бұл сауал жаңа жылға дейін де бірнеше мәрте қаралған.


«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен екінші деңгейлі банктердің теңге ликвидтлігін қолдау бойынша ұсыныстары мен қайда инвестициялау қажеттігі туралы мәселелер талқыланды. Себебі ол - Үкіметтің, Ұлттық банктің қаражаты емес, біздің зейнеткерлеріміздің, xалқымыздың ақшасы. Сондықтан, инвестициялардың міндетті табысы жеткілікті деңгейде болуы тиіс. Екінші мәселе оның қауіпсіздігі. Сол себепті бұл мәселеде өте салмақты шешім шығаруға тырысамыз. Экономиканың нақты секторларын қаржыландыру мүмкіндіктері едәуір үлкен. Ұлттық банкпен жұмыс жалғасуда. Біз барлық аймақтардан барлық ұсыныстарды жинадық. Қазіргі уақытта жобаларға зейнетақы қорынан бөлінетін қаражат көлемі анықталып жатыр», - деп атап өтті министр.
нравится:    883
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии