15 Декабрь
14:04
Астана: -14 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Туризм
8 қазан 14:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Биші қайыңдар. Билейтін орман туралы аңыз
Қазақстанда атақты Әулиекөлге жақын орналасқан  «Биші қайыңдар орманы» бар. Бір-бірімен бітесіп, майысып өскен қайыңдардың керемет көрінісі келушілерді таңдандырмай қоймайды.



Жалпы мұндай «билейтін орман» әлемнің көптеген елдерінде кездеседі. Олардың ішіндегі ең танымалы Данияда Тролл орманы және Ресейдегі "Курш мүйісі" ұлттық  саябағы. Ресейде орнадасқан "Курш мүйісі" билейтін орманы зерттеуші ғалымдардың да  оны тамашалаушылардың да таңданыстарын тудырып келе жатыр.



Бұл туралы аңыздар көп. Соның бірі ерте замандарда бұл маңайда сиқырлы арфасы бар сұлу бойжеткен өмір сүрген екен. Арфаның дыбысының әсерлі болғандығы соншалықты, адам түгілі орманда өсетін ағаштар да билейтін болған көрінеді-міс.
 


Біздің «Биші қайыңдар орманы» туралы да тамаша аңыз бар. Аңызға сүйенсек, «Бурабай маңындағы ауыл жастары орман ішіндегі алаңқайға жиналады екен. Жігіттер мен қыздар ойын ойнап, ән шырқап, би ұйымдастырады. Хан жастардың талантын естіп, бұл нәрсені өз көзімен көрісі келеді. Бірақ ол жаққа бара алмайды да, жасырын түрде бармақ болады. Қарапайым жігіттің кейпінде хан ойынға келіпе, қалың жұрттың арасына сіңісіп кетеді. Бір ойын екінші ойынға жалғасып, жиналғандарға би ӛнерін кӛрсететін уақытта келіп жетеді. Алаңқайдың ортасына толған айдың сәулесімен шағылысып, қайыңдай болып қыздар шығады да, билей бастайды. Айналған ақ көйлектер желбірі, бас киімдегі үкі қанаттары өз үйлесімін тауып, бәрі керемет билеп жатты, осы уақытта шыдамаған хан: «-О, тамаша сиқыршылар, бақытты болыңдар!»-деп айқайлап жібереді. -Мынау, хан иеміз ғой,- деп көптің арасынан біреу танып қояды. Сол кезде жиналғандардың бәрі хан аяғына жығылуға жүгіреді. Биші қыздар ұялғаннан қайда тығыларын білмей, бұралған күйлерінде биші қайыңдарға айналып кетіпті-міс».



Міне, бұл «Арқаның кербез сұлу Көкшетауында» орналасқан керемет жерлердің бірі. Табиғаты тылсым, жаратылысы таңдай қақтыратын «биші қайыңдардың» айтылмаған сырлары көп сияқты...
Бұл қазіргі кезде Бурабай демалыс орнының ең көрнекілі орындарының бірі болып саналады.
 


Дереккөзі: munara.kz сайты
Аударма: reactor.inform.kz
нравится:    5093
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии