24 Сентябрь
05:38
Астана: 1 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Экономика
3 тамыз 14:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Биыл ЕҚҚДБ Қазақстанға 1 млрд доллар инвестиция құймақ
Еуропа қайта құру және даму банкі биыл Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция құюды жоспарлаған. Тіпті, олар жыл сайын ел экономикасына мұндай қаражатты салып тұрмақ. Бұл туралы еліміздегі Еуропа даму банкінің директоры Джанет Хэкман Алматы арнасы берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.


Сөзінше, олар елдегі инновациялық жобаны жүзеге асыруға дайын. Ал, бөлінген қомақты қаржы “Нұрлы жол” бағдарламасы негізінде іске асатын 30-дан астам жобаға жұмсалады. Бұдан басқа Еуропалық банк отандық шағын және орта бизнес, инфрақұрылым, жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласындағы жеке секторды қолдауды көздеп отыр. Қосымша ақпар биылдан бастап қаржы мекемесі Қазақстандағы теңгелік несиенің 50 пайызын беруді қолға алған.

«Біз қазір Қазақстан Үкіметімен тығыз жұмыс жасаудамыз. Яғни, “Нұрлы жол” стратегиялық бағдарлама негізінде 30-дан астам жобаға қолдау көрсету жоспарланған. Сондай-ақ алдағы уақытта елдің барлық аймағында серіктестік қызмет ететін боламыз. Қазір банк елдегі құрылыс, бизнес және қаржы институты саласына көп көңіл бөлуде. Өйткені Қазақстанның экономикалық даму деңгейі мен саясаты жақсы. Небәрі 3 жылдың өзінде мұнда таңғаларлық өзгерістер байқалды»,- деді Қазақстан бойынша Еуропа қайта құру және даму банкінің директоры Джанет ХЭКМАН.

Жыл санап банктің Қазақстанмен бірлесіп іске асырған жоба саны артуда. Бұл ел экономикасына оң септігін тигізеді,- дейді мамандар. Еуропа қайта құру және даму банкі 1991 жылы құрылған.

Бүгіннің өзінде қаржы институты 26 елге құрылымдық және экономикалық реформалар жүргізуге арналған қаржылық көмек көрсетеді.

Дереккөз: Алматы ТВ
нравится:    748
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии