21 Август
08:48
Астана: 9 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
19 қараша 10:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Биылға қыста ауа температурасы 46 градусқа дейін төмендеуі мүмкін

Биылғы қыстың қарымы қатты болмақ. «Қазгидрометтің» болжамы бойынша, қаңтарда орталық және шығыс аймақтарда ауа температурасының 46-ға дейін төмендеуі күтілуде. Осы орайда бүгін Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Валерий Петров қысқа дайындық жайын баяндады. Бүгінде қыстың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін еліміз бойынша мыңнан астам техника сақадай сай тұр. Күнделікті 4 мың 200 сарбаз кезекшілік атқаруда. Сондай-ақ республикалық маңызы бар жолдарда қар басу қауіпі бар 1 мың 439 аймақ анықталған. Бүгінде ол жерлерде тиісті жұмыстар атқарылуда. Валерий Петров, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы: - Біріншіден, өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін ойлаған жөн. Қыстың боранды күндері алыс жолға шығудан бас тартқан дұрыс. Үнемі жағдайды бақылауда ұстап, ауа райына мән беру керек.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    951
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии