23 Сентябрь
09:59
Астана: 1 °C
Алматы: 16 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Экономика
19 тамыз 13:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Биылғы алты айда Қазақстанда экономикалық өсім 1,7 пайызды құрады
Бірінші жартылжылдықта Қазақстанда экономикалық өсім 1,7 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін брифингте «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ президенті Мақсат Мұқанов мәлім етті.«Әлемдік экономикада қалыптасып отырған ахуалда 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық экономиканың өсімі 1,7 пайызды құрады. Негізгі капиталға инвестициялардың артуы үрдісі байқалуда, яғни бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 104,4 пайызға жетті. Инвестициялардың осындай оңтайлы қарқыны Қазақстанның экономикалық өсіміне қолдау болады»,-деді ол.



ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, биылғы қаңтар-маусымда сыртқы тауар айналым 39,5 млрд. долларды құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға төмендеді.  Бұған Қазақстанның негізгі сауда серіктестері болып табылатын Ресей мен Қытайда әлемдік сұраныстың төмендеуі сыртқы сауда қарқынына кері ықпал етті.
«Осы жағдайларда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бүгінгі ахуалға жауап беретін негізгі мақсат болып табылады.  Олар біздің экономика үшін проблемалар мен өзекті міндеттерді іс жүзінде шешуге бағытталған»,-деп қосты М. Мұқанов.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    1101
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии