18 Декабрь
03:29
Астана: -18 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
19 қыркүйек 12:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Биылғы қажылар саны – соңғы онжылдық бойынша ең төменгі көрсеткіш


Сауд Арабиясы Статистика ведомствосы биылғы қажылық бойынша соңғы қорытынды деректі жариялады. Биылғы жылы қажылығын өтеген шетелдіктердің 54,6%-ын ерлер, 45,4%-ын әйелдер құраған.

Шетел қажыларының басым бөлігі, 94%-ы – әуе арқылы, 5%-ы көлік құралдарымен және 1% теңіз көлігімен келген.

Ал, биылғы қажылардың жалпы саны кемінде соңғы 10 жылда ең төмен көрсеткішке ие болып отыр, деп жазады Al Arabiya.

Мәселен, 2007 жылы 1,7 миллионнан аса шетел қажылары мен 746 511 саудиялық тұрғындар, жалпы саны 2,4 млн адам қажылық жасаса, биыл шетел қажыларының саны 1 325 372 адамды, жергілікті қажылар саны 537 537 адамды, барлығы 1,9 миллион қажыны құрады.

2012 жылы қажылар саны 3 миллионнан асты – бұл қажылықтың соңғы он жылдық тарихындағы ең үлкен көрсеткіш.



Дереккөзі: sunna.kz
нравится:    669
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии