22 Август
17:16
Астана: 27 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
2 қараша 13:10
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бiз "Хэллоуин" тойламаймыз!
Қазақ күнтізбесіне бейресми мереке ретінде тіркелген 31 қазан қосылды. Бұл күн – Хэллоуин мерекесі екен. Жастар бұл түні қорқынышты бейнелерде киініп, кафе, барларға жиналып көңіл көтеретін болған. Бұл үрдіс біздің қоғамда өзінің қанатын бірте-бірте жайып келеді. Әрине, дініміз тілімізге, өмір сүру сатымызға, жалпы түсінігімізге қайшы келетін мерекенің  Валентина күні сияқты дендеп еніп, жастар арасында насихаттала бастаған келеңсіз құбылыс. 



Хэллоуин (Halloween) – АҚШ-та Рождестводан кейінгі орында тұрған, халық жаппай тойлайтын мереке. Оның түп-тарихын зерделеу үшін мыңдаған жылдарға шегініс жасауға тура келеді.
Христиандық дәуірге дейінгі кезеңде қазіргі Англия мен Ирландияның, сондай-ақ, Францияның аумағында кельт атты жұрт өмір сүрген. Кельттердің жыл санауы қыс және жаз болып екі бөліктен тұратын. Олар Күнді өздерінің жоғары құдайы деп санайтын. Олардың түсінігі бойынша, Күн қыс мезгілінде өлілердің патшасы Самхэйннің (Самайн) тұтқынында болады-мыс.
Тура 31 қазан күні (әрине, біздің жыл санауымыз бойынша) кельттер өздерінің Самхэйн деп аталатын ең үлкен мейрамдарын тойлайды екен. Бұл мейрам күзгі өнімді жинау науқанының аяқталғанын және ескі жыл бітіп, жаңа жылдың басталуын білдіретіндіктен, ерекше мәнге ие еді.



Сонымен бірге, Самхэйн – қатал қыстың басталуын білдіретін. Кельттер пұтқа табынушылар болғаны белгілі, олар да өлімнен кейін өмірдің болатынына сенетін. Аңыздары бойынша, Самхэйн өмір сүретін ақ дала өте әдемі болады-мыс. Осы түні Самхэйн өткен шақтан болашаққа есік ашады екен.
Көптеген салт-дәстүрлері Самхэйнмен байланыстырылған. Осы күні Ирландияның сол кездегі Тару атты бас қаласында барлық жауынгерлер жиналып, той жасайтын. Ол күні-түні тойланатын болған. Самхэйн күні адамдар кейінірек друидтер (кельт халқының абыздары) берген қасиетті оттармен үй шамдарын қайтадан жағу үшін, өз үйлеріндегі оттарды өшіріп қоятын. Бұл күн мазасыз әруақтар мен сиқырлы тіршілік иелері біздің әлемімізге өтеді деп сенетін. Сондықтан да кельттер әруақтар сияқты киініп алып, арғы беттен келетін тылсым күштерді тыныштандыру үшін, әр үйге барып тамақ сұрап жүретін болған.



Бұрынырақта Парламент Мәжілісінде Хэллоуиннің жастарға кері әсері болатынын, қазақ топырағында бұл мейрамды тойлауға еш негіз жоқ екенін депутаттарымыз айтып, «мемелекет тарапынан тыйым керек» деген мәселені көтерген болатын. Алайда нақты тыйым салынған жоқ. Ал көрші Ресей, Малайзия мемлекеттерінің Хэллоуинге заң жүзінде тыйым салғаны белгілі.



Қазақтың ұлтжанды азаматы, патриоттық әндердің жаршысы, танымал әнші Бүркіт жақында өзінің парақшасында  «Хэллоуин біздің мереке емес, біз «Хэллоуинды» тойламаймыз» деп жазды.



Шынымен де, Бүркіт айтса, айтқандай дәстүрімізге жат, біздің өмірлік құндылықтарымызға қайшы келетін «Хэллоуинді»  біз де тойламаймыз!!!

Авторы: Абай Айсара 
нравится:    1098
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии