|    |  
25 наурыз 2019
21:01
қаз
Бізді мықты ете түсетін қасиеттер
28 қараша 2018, 11:58 6
Адамдар әртүрлі. Қоршаған ортаға деген көзқарасымыз, темпераментіміз, өмірлік қағидаларымыз әртүрлі. Бірақ бізді мықты ете түсетін қасиеттер бар. Ол қандай қасиеттер?



Ұстамдылық. Дау кезінде ақиқат айқындалады дейді. Бірақ әлдекім айғайлап, дауыс көтеріп, жанжалдасып жатқанда бірдеңе дәлелдеудің қажеті жоқ. Мұндай кезде үндемеуден асқан абырой жоқ. Әлдебіреу дауыс көтеріп, дөрекілік танытып жатқанда үндемей қалу әлсіздікті, мінезсіздікті білдірмейді. Керісінше бұл адамның мықтылығын көрсетеді.

Өмірге құштарлық. Юмор өмірді жеңілдетеді. Эмоция мағынаға толтырады.

Жомарттық. Сараңдар мен эгоистер басқалардан көп алады, ал жомарттар көп нәрсені құрбан етеді дейміз. Бірақ әсте олай емес. Табиғат заңы бойынша қаншалықты берсеңіз соншалықты аласыз. Бөлісе білу, бірақ қайтарымына ештеңе күтпеу керемет қасиет.
Көмек сұрау білу. Әр адамға әйтеуір бір уақытта көмек пен қолдау керек болады. Қиын кездерде жақындарыңыздан көмек сұрау білу әлсіздік емес, керісінше мықтылық.   

Белсенділік. Жоқшылық өмір мен артық салмақ туралы ойлар жағдайды өзгертпейді. Тек іс-әрекет қана көмектеседі. Сондықтан білек сыбанып, іске кірісу қажет.

Қиындыққа сабыр ету. Әр адамның өмірінде қиын күндер туады. Психологиялық, физикалық салмақ түседі. Сондай кезде сабыр ете білу керек.  

Дереккөз: zhenskoe-mnenie.ru


Жаңалықтар