17 Декабрь
21:33
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
20 тамыз 10:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Біздің Кеңістік біртіндеп жоғалады – ғалымдар
Біздің Галактика біртіндеп жоғалып кетеді, деп есептейді әлемнің ғылыми қауымдастығы. Бұл туралы ufatime.ru хабарлады.


Астрофизиктер Галактикадан бөлінетін энергияның көлеміне талдау жасай келіп, Кеңестіктің бірте-бірте сөніп келе жатқаны туралы тұжырым жасады.

Ғалымдардың мәліметтері бойынша, қазіргі заманғы 200 мың галактика бұдан екі миллиард жыл бұрын пайда болған кездеріне қарағанда, жарықты екі есе аз береді. Бұл ескі жұлдыздардың тез сөніп, жас жұлдыздардың солардың орындарын басып үлгере алмай жататынын көрсетеді.

«Кеңістік біртіндеп қартайып келеді, – деп түсіндірді Батыс Австралия университеті жанындағы халықаралық радиоастрономиялық зерттеулер орталығының астрономы Саймон Драйвер. – Қарапайым тілмен айтқанда, қазір Кеңістік диванға құлап, жамылғы жамылып, мәңгі ұйқыға кетуге дайындалып жатыр».

Сарапшылар сонымен бірге адамзатты үрейге бой алдырмауға шақырады. Қалған галактикалар мен жұлдыздар тағы бірнеше миллиард жылға жетеді. «Әрине, Кеңістік тез арада сөніп қалайын деп жатқан жоқ, – деді Лондон университетінің астрономы Уилл Сазерленд. – Бірақ ол бірте-бірте көмескі тарта юереді. Ақыр соңында ескі қызыл жұлдыздар ғана қалады. Олар әлі талай уақыт жарық беріп тұрады. Бірақ 100 триллион жылдан кейін олар да сөнеді».

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    883
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии