21 Сентябрь
12:49
Астана: 22 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Экономика
6 тамыз 14:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Бизнес ашамын деген жастарға 7%-дық үстемемен несие беріледі
Кәсіп ашып, нәпақа табамындейтін жастар үшін жағымды жаңалық. Астана қаласының әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Astana-Damu-ZhasStarT жобасын қолға алды.



Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта құжаттамалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, содан кейін бағдарлама бойынша қарастырылған 600 млн теңге екінші деңгейлі банктерге жіберіледі. Несиені 7%-дық үстемемен алуға болады. Айта кетерлігі, жастар кәсіпті кез келген салада аша алады, бұл бағытта шектеу қойылмайды. Басты талап бизнесменнің жасы 29-дан аспауы тиіс. Бұдан бөлек, мамандар бүгінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша тек жастарға ғана емес, барлық азаматтарға қолдау көрсетілетіндігін атап өтті. Ғабит Лесбеков, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма мүшесі: - Біріншіден, екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін жеңілдетілген несиелер. Ұлттық қордан 6%-дық несие 10 жылға дейін беріледі. Субсидия деген құралымыз бар. Кәсіпкерлердің банктерден алынатын несиелерінің сыйақысын төмендетуге байланысты бүгінде шағын қалаларда ол 4%-ға дейін төмендеп отыр. Несиенің 10%-ын мемлекет өз мойнына алып, кіші қалаларда 4%-дық көрсеткішпен несие беретін мүмкіндік пайда болды.

Дереккөзі: 24kz
нравится:    997
Теги: Бизнес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии