12 Декабрь
10:34
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Экономика
2 маусым 09:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бизнестегі ең тиімді 5 әдістің бірі - коучинг
Коучинг – Harvard Business Review мәліметтері бойынша құрал ретінде бүгінгі таңда әлемде бизнестің ең тиімді 5 әдісінің бірі болып отыр. Оны «Fortune 500» рейтингісіне кіретін компаниялардың 84 пайызы менеджмент стилі ретінде қолданады.

Бұл мәліметтер Қазақстан мен Орталық Азияда 12-18 мамыр күндері өткен IV Халықаралық коучинг апталығы кезінде айтылды. Сарапшылардың айтуынша, мақсатқа деген қозғалыс мағынасын білдіретін коучинг деген сөздің қазақша да, орысша да нақты аудармасы жоқ. Оны жеке тиімділігін арттыру үшін адам әлеуетін ашудың технологиясы, басқару стилі, адамдармен қарым-қатынстың тиімді әдістерінің бірі деп те түсінуге болады. Коучинг – әлемдік нарықтағы бәсекелестіктің өсуі мен көшбасшыға қойылатын жаңа талаптар және тұтынудың өзгерістерге жылдам бейімделуі кезеңінде маңызды рөлге ие болуда.

«Коучингтің қолданылатын салалары өте көп. Ол өзіндік ерекшеліктеріне қарай әр елде әртүрлі ауқымда қолданылады. Мәселен коучингті мемлекеттік деңгейде жүзеге асырып келе жатқан Канаданың тәжірибесіне соңғы уақытта Қазақстан да үлкен қызығушылық таныта бастады. Коучинг апталығының баспасөз мәслихатының биыл «Самұрық-Қазына» мүлік қоры» АҚ-ның мәжіліс залында өтуі соның бір дәлелі», – дейді Коучинг академиясының Қазақстандағы өкілдігінің директоры, аға жаттықтырушы Ғалия Хамитова.

Тәжірибеші бизнес-жаттықтырушының айтуынша, әлемдік коучинг нарығының айналымы 1 млрд. АҚШ долларын құрайды. Оны үйрететін кәсіби тәжірибеші коучтардың саны жан басына шаққанда 1 млн. адамға 7-ден ғана келеді екен. Ал тәжірибеші жаттықтырушылардың саны Қазақстанда 50 шақты. Әлемдік қаржы дағдарысынан кейін өсу қарқыны баяулағанымен, дамуы орнықты боп қалған Қазақстан нарығына қызуғушылар көп. Алайда жергілікті ерекшелікті жақсы білмейтін шетелдіктер мұнда көп тұрақтай алмауда.

Әлемдік нарықтағы жетекші ойыншы саналатын Халықаралық Эриксон университетінің ресми серіктестерінің хабарлауынша, дағдарыс кезеңінде көптеген компаниялар өз қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеруге арналған семинарлар мен тренингтерге жұмсалатын қаржысын айтарлықтай кеміткенімен, тиімділігін түсінгеннен кейін коучингтен оны аямауда.

Халықаралық статистикаға көз жүгіртетін болсақ, Hay Group консалтингтік компаниясының мәліметтеріне қарағанда әлемнің жетекші 500 компаниясы (Global 500) рейтингісіне кіретіндердің 25-40 пайызы басқару жүйесінде коучингті қолданады екен. Metrix Global зерттеулері бойынша, Global 500 рейтингіндегі компаниялардың коучингке салынған инвестицияларының қайтарымы (ROI) 529 пайызды құрауда. «Metropolitan Life Insurance Company» қарқынды коучинг бағдарламасына қатысқан сатушылардың өндірушілігі орта есеппен 35 пайызға өскенін анықтап шықты.


Өткен жылдан бері Еуразиялық экономикалық одақ аясында өз әріптестерімен бәсекелестікке түсіп жатқан қазақстандықтар кәсіпкерлер үшін бизнестегі ең тиімді 5 әдістің бірі саналатын коучингті меңгерудің маңызы зор екені күмәнсіз. Өйткені қазірдің өзінде Ресей мен Белорус елдеріндегі тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер Қазақстан нарығындағы бәсекелестіктің көрігін қыздыра бастады. Ал бұл Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезде мүлде жаңа сипатқа ие болуы мүмкін. Сол себепті көптеген отандық өндірісшілер үшін әлі аса таныс емес коуч қызметін пайдалану мүмкіндігі құзырлы органлдар тарапынан да жан-жақты талдануы тиіс. Өйткені бұл үдеріс кезінде коучингті түрлі әдебиеттер ғана оқып танысқан және арнайы біліктілік сертификаты мен тәжірибесі жоқ әуесқой коучтардың арбауына түсіп қалушылар аз болмас анық. «Step$Grow» компаниясы жаттықтырушыларының деректеріне қарағанда, коучтың жеке қызметінің әрбір сағаты АҚШ-та 70 доллар, Ресей мен Қазақстанда 30 доллар көрінеді. Ал бизнес коучингте ол АҚШ-та 120, Ресей мен Қазақстанда 100 доллар екен. Бұл әрине Мәскеу, Алматы сияқты орталықтағы ірі қалалардағы баға. Оның көлемі аймақтарда бұдан біршама жоғары.

Дереккөзі: businessnews.kz

 
нравится:    1065
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии