Әлем жаңалықтары
29 қаңтар 17:52
Блогерлер: Әуеде ұшып бара жатқан ұшақтың есігін ашса не болады?


YouTube әлеуметтік желісіндегі танымал AsapSCIENCE каналының авторлары әуеде ұшып бара жатқан ұшақтың есігін ашқанда жолаушыларға қандай қауіп төнетінін түсіндіретін роликті («Что, если дверь самолета откроется в полете?» (What If Your Airplane Door Burst Open Mid-Flight?) жариялады. Ролик авторлары жолаушылардың тірі қалуы үшін ешқандай мүмкіндік жоқ екендігін егжей-тегжей түсіндіреді.

Егер есік ашылған сәтте жолаушылар алғашқы секундтарда-ақ ұшақтың ішінде пайда болатын тесікке қарай ұшып кетпесе, оттегінің жетіспеуінен тұншығып өлуі мүмкін. Себебі оттегі маскасы мұндай жағдайда көмектесе алмайды: ол небәрі он минутқа ғана жетеді, ал стандартты биіктікте ұшып бара жатқан ұшақты жерге қондыруға одан көп уақыт кетеді.



Видеоны 1 млн-нан астам адам тамашалап үлгерген. Олардың көпшілігі енді ұшаққа мүлде отырмайтындарын айтып, пікір қалдыруда.

Ал, видео авторлары болса жұртшылықты ешқандай алаңдамауға шақырып, ұшақтың басқа көліктерге қарағанда ең қауіпсіз көлік екенін айтып, дәлелдеуге тырысуда. Мәселен, ұшақтағы күтпеген жағдай  9821-де 1-ге тең екен (салыстыру үшін – автомобильмен жолда жүру кезіндегі күтпеген оқиға 114-тен 1-ге тең екен).


Дереккөзі: https://lenta.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика