Экономика
12 қаңтар 12:15
Bloomberg 2017 жылдың ең әлсіз валютасын атады


Түрік лирасы жаңа жылдың бастапқы 10 күні ішінде әлемдік валюталар ішінде ең төмен нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Bloomberg. Лира долларға шаққанда 8,6 пайызға төмендеген, яғни оның курсы 2016 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 17 пайызға құлдыраған. Бұл ретте қатарынан алты сауда сессиясы кезінде түрік валютасы антирекордтар орнатқан.

Бұл ішінара ел президенті Реджеп Тайып Ердоғанның Түркия Орталық банкінен экономикалық өсімді қолдауды талап етуі салдарынан нарықтық қауіп туындауымен байланысты, бұл өз кезегінде лираның одан әрі әлсізденуіне алып келеді. Мұндай шаралардың қажеттілігі соңғы 7 жыл ішінде Түркия ЖІӨ-нің алғаш рет құлдырауынан орын алып отыр.

Бұған қоса, елде өткен жылдың желтоқсан айында 8,53 пайызға жеткен инфляцияның өсуі қарқындап барады. Бұл ретте ОБ-тің мақсатты көрсеткіші 3,5 пайызды құрайды.

Сонымен, агенттіктің мәлімдеуінше, Түркия бұрынғысынша төлем балансы дефицитінен шыға алмай отыр, жылдың қорытындысы бойынша ол ЖІӨ-нің 5 пайызын құраған болатын.

Желтоқсан айында Ердоған лираның әлсізденуін Түркияның дұшпандары валюта курсын пайдалана отырып Анкараға экономикалық қысым жасауды қалайтындығымен түсіндірген болатын. Оның пікірі бойынша, бұл қыспақтан шығар жол – ел тұрғындары долларды түрік лирасы мен алтынға айырбастауы тиіс.


Дереккөзі: http://lenta.ru

Аударма: http://reactor.inform.kz
 

Комментарии




Яндекс.Метрика