17 Август
23:32
Астана: 20 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Экономика
11 шілде 12:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Bloomberg: Британдық фунт жыл басынан бергі ең арзан валюта атанды

 
Фунт стерлинг долларға шаққандағы жыл басынан бергі ең арзан әлемдік валюта атанды. Бұны Bloomberg деректері көрсетіп отыр. Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу қаупіне байланысты стерлинг құны үш апта бойы құлдыраған. Ал жыл басынан бері долларға шаққандағы бағамын 13% төмендеткен. Бұл әлемнің негізгі 31 валютасының ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.
 
Экономист мамандардың пікіріне сүйенсек, фунт бұдан кейін де арзандай бермек.  Өткен аптада фунт стерлинг курсы 1,2798  АҚШ долларына дейін түскен. Бұл британдық валютаның соңғы 31 жылдағы ең төменгі көрсеткіші.
 
Financial Times сауалнамасына сәйкес фунт бірнеше апта ішінде 1,1 АҚШ долларына дейін арзандауы мүмкін. Миллиардер әрі  инвестор Джордж Сорос британдық валютаның құлдырайтынын болжаған болатын. Оның сөзіне сенсек, фунт долларға шаққанда 20% дейін түсуі мүмкін.
 
Жалпы жыл басынан бері әлемдік 9 валютаның долларға шаққандағы бағамы төмендеген. Фунттан кейінгі орынды Аргентина, Мексика, Қытай, Польша, Үндістан, Швеция, Түркия, Гонконг  ваюталары кезегімен еншілеген.
 
Дереккөз: insider.pro
нравится:    727
Теги: Главная, Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии