12 Декабрь
01:10
Астана: -14 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Экономика
18 қаңтар 09:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Bloomberg «жаһандық валюталық соғыстың» жаңғыру қаупі жөнінде ескертті


Жақын арада «жаһандық валюталық соғыстың» жаңғыру қаупі бар, деп ескертті Bloomberg. Иен мен еуро ары қарай күшейген жағдайда ЕОБ мен Жапонияның Орталық банкі монетарлық ынталандыру саясатын белсенді қылуы мүмкін.Агенттік өкілі айтқандай, иен мен еуроның күшеюі Жапония мен Еуропада ақша-несиелік ынталандыру саясатының белсенді болуына әкелуі мүмкін, деп хабарлады  РБК.
Агенттік атап өткендей, иен соңғы айда АҚШ долларына қатысты үшінші рет құны артты, ал еуро негізгі валюталардың көпшілігіне қарағанда өсті. Хедж-қорлар иен мен бірыңғай еуропалық валютаның күшеюіне ең жоғарғы деңгейге дейінгі болжам жасап отыр, деп жазды   Bloomberg.

АҚШ экономикасы мен оның ақша-несие саясатының өсімінің өзге әлемдікімен айырмашылығы қысқарды. Бұған Қытай экономикасының өсімінің сәл бәсеңдеуі мен өзге елдердің экономикасының тең дәрежеде қалыпқа келмеуі әсер етті. Бұл факторлар долларға әсер етіп, өз валюталарының әлсіз болуы Еуропалық орталық банк (ЕОБ) пен Жапонияның орталық банкінің жоспарымен сәйкес келмей отыр.
State Street Global Markets макроэкономикалық стратегия бойынша құрылым басшысы Ли Ферридждің пікірінше, иен долларға қатысты 115, ал еуро $1,15 дейін нығайса, монетарлық ынталандыру саясаты іске қосылады.
Өткен аптаның қорытындысы бойынша иен 0,2% күшейіп,​ доллар құны 116,98 иен болды. Еуро 16 негізгі валютаның 11-іне қатысты күшейді, сөйтіп 1 еуро $1,0916 құрады.

Агенттік Жапония Банкінің төрағасы Харухико Куродтың банк монетарлық саясаттың өзгеруіне дайын екенін айтты. ЕОБ өз кезегінде 21 қаңтардағы кездесуде өз саясатын талқылауды жоспарлап отыр, деп атап өтті Bloomberg.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    643
Теги: Қаржы және экономика, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии